Жаңалықтар

Жоғары жалақы алатындарға 4%-дық автонесие берілмеуі мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев автокөлік алуға берілетін 4 пайыздық жеңілдетілген несиеге қатысты бірқатар өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

– Бағдарлама бойынша қандай көліктер қатыса алады?» деген мәселе бар. Қазір бағдарлама 10 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік береді. Ал, көліктің құны 15 млн теңге болуы керек дедік. «Киа Спортэйдж», «Хюндай Туксон» сияқты брендтердің бағдарламаға қатысуын қайта қарауымыз мүмкін. Бұл – ақырғы шешім емес, талқыланып жатыр, – дейді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, енді бағдарлама айлығы аз адамдарға ғана қолжетімді болуы мүмкін.

– Төртіншісі, ең маңыздысы сияқты меніңше, бірнеше бағыт талқыланып отыр. Еңбекақының ең жоғары шегін бектіу мәселесін қарастырамыз, яғни айлық белгілі бір сумадан асып кетсе, ондай адамдар бағдарламаға қатыса алмайды. Автонесие бағдарламасын Hyundai Accent, Chevrolet Cobalt сияқты халық көп мінетін көліктер үшін қолжетімді етуді жоспарлап отырмыз. Бұл өзгерістердің бәрін бір айдың ішінде аяқтаймыз, – деді министр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button