Әдебиет

Матриархат заманы

Келді, кетті баһадүрлер
заманы.
Мынау кезең құз-шыңырау
тар әрі.
Мамонттардай маң-маң
басқан бір кезде
Еркектердің заманы өтіп
барады.
Көрінбейді көзімізге Һас ірі,
Батырынан көптеу аяр,
пасығы,
Еркектердің заманы
өтіп барады,
Келе жатыр әйелдердің
ғасыры.
Екі ұдайлау – ойлары да,
сөздері,
Қызыл-жасыл дүниеде –
көздері.
Елден ерек бекзаттығы
тұл болған,
Еркектердің кінәлі
оған өздері!
Ақын болған бір кездері,
батыр да,
Алтын басы енді қара
бақыр ма?
Бар билікті соған
берген Тәңірі,
Одан теріс айналғалы
жатыр ма?!
Арулар-ай, махаббатпен
матап ап,
Қалай бізді сүйеді әлі қаталап?
Соғыс еді еркектердің заманы,
Әйелдікі әдемі одан –
Махаббат!
Дүниені осы еркектер
шайқаған,
Біз түгілі, Тәңірі оны байқаған:
Партриархат тақтан түсті…
бізге енді,
Матриархат келе жатыр
қайтадан…
Әйелдердің нұрға тұнып
жанары,
Күннен күнге жасанады
жамалы.
Сомдайды енді Соны
Патриархты,
Мына келген Матриарх
Заманы…

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button