Жаңалықтар

25 жылдыққа – 25 келі тәтті

Қазақстан полициясының 25 жылдығы аясында Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының базасында, облыстық Ішкі істер департаменті және қалалық Ішкі істер басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қаладағы жоғарғы оқу орны және колледж студенттеріне Ашық есік күні өтті.

Іс-шараны облыстық Ішкі істер департаменті кадр басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Мұрат Жұмаділдин ашып, жүрекжарды лебізін білдірді. Бұдан кейін жедел қимылдайтын арнайы жасақ жігіттерінің жаттығулары, қызметтік иттердің қылмыскерлерді ұстау сәті, сондай-ақ, тәртіп сақшыларының арнайы қару түрлері де көрсетілді. Осы күні қала көшелеріне бақылау жасайтын жедел басқару орталығының жұмысы да назардан тыс қалмады.

Игілікті шара барысында Ішкі істер басқармасының ауласында Ашық есік күніне қатысушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, бейбітшіліктің нышаны ретінде әуеге 25 шар ұшырды.

Сондай-ақ, Қазақстан полициясының 25 жылдығына сәйкестендіріліп, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы әзірленген салмағы 25 келілік торт ұсынылды. Шараға жоғарыда аталған білім ошақтарынан 200-ге жуық жасөспірім қатысты.

Қарағанды облысының ІІД

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button