АймақПриозерск

Берері мол жаңа жоба

«Zhas project» жастар корпусын жандандыру жобасы бойынша Приозерск қаласында үздіктер анықталды. Жобалардың басым бөлігі жастарға қолдау көрсетіп, білімін дамытуға бағытталған.

Грант иегерлерінің бизнес бастамаларын қолдау мақсатында менторлық жұмыс жоспарына сәйкес, Beauty studio жобасымен кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында «Командадағы жұмыс», «Әлеуметтік желідегі жұмыс» тақырыптары аясында әңгіме өрбіді. Beauty studio жобасының көшбасшысы Тоғжан Есімхан және жобаға қатысушылар – Қарлығаш Әлімханова, Гүлмира Әлібаева атқаратын жұмыстарының негізгі бағытын баяндады.

«Zhas Project» аясында арнайы тағайындалған ментор Ұлан Алмас жобаны басқару, командамен тиімді жұмыс жасау секілді маңызды тақырыптар бойынша дәріс берді.

– Айта кетейік, бүгінгі жоба жалпы құны – 1 миллион теңге көлеміндегі грантқа ие болды. Гранттың қаржысынан бөлек, жобаның әр қатысушысы алдағы 5 ай уақыт көлемінде әлеуметтік жобаны жүзеге асыра отырып, 40 000 және 60 000 теңге көлемінде шәкіртақы алып отырады. Әлеуметтік жоба аясында 30 мақсатты топтағы жастар тегін курстан өтетін болады, – дейді Ұлан Алмас.

Нұрдос КӘРІМ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button