Коронавирус

20 ақпанынан бастап кейбір шектеу шаралары алынып тасталады

2021 жылдың 6 ақпанынан бастап Қарағанды облысы “жасыл аймаққа” кірді, коронавирустық инфекция бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал сақталған жағдайда ағымдағы жылдың 20 ақпанынан бастап келесі шектеу шаралары алынып тасталады, атап айтқанда:

жұмыс уақытын шектеу толығымен алынып тасталады, оның ішінде жексенбі күндері келесілерге қызметті қайта бастауға рұқсат етіледі:

– СПА-орталықтар, сауналар, моншалар және массаж салондары,

– жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар,

– сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, 2000 шаршы метрден астам сауда желілері,

– аквапарктер қызметі қайта жандануда;

 

сенбі және жексенбі күндері қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар қатынас тасымалдарының қозғалысы қайта басталады:

– Қарағанды-Теміртау-Қарағанды;

– Қарағанды-Саран-Қарағанды;

– Қарағанды-Шахтинск-Қарағанды;

– Қарағанды-Абай-Қарағанды;

– Қарағанды-Шахан-Қарағанды;

– Қарағанды-Топар-Қарағанды.

 

– екінші деңгейдегі банктер, пошта бөлімшелері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, адвокаттық және нотариаттық кеңселер, жеке сот орындаушылары, заң көмегін көрсететін және консультациялар беретін объектілер, ломбардтар, айырбастау пункттері, жылжымайтын мүлікпен операциялар жөніндегі компаниялар, жарнама агенттіктері, типографиялар, микроқаржы және микрокредиттік ұйымдар, сақтандыру компаниялары, мүлікті бағалау жөніндегі объектілер, аудиторлық объектілер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары, бизнес-орталықтардың, яғни қызмет көрсету саласындағы субъектілердің жұмыс режиміне қойылатын шектеулер алынады;

 

мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына қашықтықтан жұмыс істейтін нысандағы қызметкерлердің санын 60%-дан 50%-ға дейін азайтуға рұқсат етіледі (штат кестесінде 15 және одан да көп қызметкер болған жағдайда);

діни мекемелерге, атап айтқанда мешіттерге, шіркеулерге, храмдарға, соборларға, ғибадат үйлеріне және басқаларға діни мекемелерде ұжымдық Құдайға құлшылық етуге және мешіттерде намаз оқуға (бес намаз), толымдылығы 30%-ға дейін, сондай-ақ “жұма намазын” тек ауылдық жерлерде, қуаттылығы 150 адамға дейін, мешіттерде 25%-дан аспайтын көлемде өткізуге рұқсат етіледі;

мәдениет объектілеріне (театрлар, кітапханалар, мұражайлар) және кинотеатрларға толуды 20-дан 30% – ға дейін арттыруға, ал репетициялардағы адамдардың ең көп санын 30-дан 50 адамға дейін ұлғайтуға рұқсат етіледі.

 

Бұдан басқа, жаппай, сондай-ақ отбасылық, естелік және өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде, адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу сақталады.

Тұрғындарға: қызметі қайта басталмаған объектілерге (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, батуттар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер және ойын клубтарына) баруға, сондай-ақ олардың жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Қалалар мен аудандардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қосымша шектеу шараларын қабылдау туралы шешім қабылдауға құқылы екенін еске саламыз.

 

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті.

Басқа материалдар

Back to top button