20-26 тамыз. Апталық жұлдыз жорамал
Алдағы аптаға жұлдыздар қандай сыр жасыруда? Жауап кілтін осы жорамалдан табасыз.
Тоқты
Белсенді болыңыз. Бұл аптада алға қойған мақсатқа жетуге жұлдыздар септеседі. Бойыңызда тың күш пайда болады. Ал егер жазғы демалысты тиімді пайдаланғыңыз келсе, аздап босаңсып, еркінсуге рұқсат. Мұндай жағдайда бар уақытыңызды жеке өмірге, отбасына арнаңыз.
Торпақ
Сіз үшін ең жайлы апта болғалы тұр. Түйсігіңізді көбірек тыңдаңыз. Ол сізге кімнің дос, кімнің дұшпан екенін айқын білдіреді. Қосымша табыс табу үшін барыңызды салыңыз. Кәсіби біліктілігіңізді арттыру жолында жұмыстаныңыз. Алыс жерден қуанышты хабар жетуі мүмкін.
Егіздер
Жанын салып, асқан қызығушылықпен жұмыс жасауға әдеттенгендер үшін сәтті апта. Жетістік пен мол табысқа кенелу мүмкіндігі жоғары. Басталған істі соңына жеткізуге және ұзақ мерзімді жоспар құруға қолайлы күндер. Көптеген жағымды таныстықтар мен қызықты шаралар күтіп тұр.
Шаян
Сәтсіздіктер кезеңі артта қалды. Қай істі қолға алсаңыз да, сәттілікпен қуантады. Бойыңызды шығармашылық энергиясы кернейді. Дәл осы сәтті тиімді пайдаланып, шығармашылықпен айналысыңыз. Жаңа нәрсені үйреніп, таным көкжиегіңізді кеңейтіп не жаңа қырыңызды ашуға талпыныңыз. Сүйіктіңіздің ерекше ықыласы мен қамқорлығына бөленесіз.
Арыстан
Айналаңызда тыным мен тыныштық орнатыңыз. Себебі, бұл аптада сізге жұмсалған қуаттың орнын толтыру қажет. Мүмкін болса, мойныңызға көп міндет алмаңыз. Біреумен ренжіссеңіз, татуласуға алғашқы қадамды өзіңіз жасаңыз.
Бикеш
Ойға алған шаруалар мен мақсаттарды жүзеге асыруға батыл кірісіңіз. Бұл жолда әріптестерден көмек сұрап, қол ұшын созғандарды кері итермеңіз. Өсек-аяңға мән бермеңіз, ол сізге жеткенге дейін мың құбылған болуы әбден мүмкін. Салдарынан қате қадам жасасаңыз, зардабы өзіңізге тиеді.
Таразы
Бірнеше істі мойынға қатар іліп алмаңыз. Өзіңіз үшін ең маңыздысын анықтап, сонымен ғана жұмыс істеңіз. Қызметтегі белсенділік — бұл мақтауға тұрарлық, әнрине. Әйткенмен, денсаулық маңыздырақ. Сондықтан, шаруаларды аздап кідіртіп, денсаулығыңызға мән беріңіз. Жаңа жоспарлар құрамын деп, бұрынғы аяқсыз қалғандарды естен шығармаңыз.
Сарышаян
Бұл аптада табиғат аясында сейіл құрып, сапарға шықсаңыз, сәттілікке кезігесіз. Шығыны да аз болады. Қосымша табыс түскелі тұр. Қолыңызға тисе, өзіңіз бен жақындарыңызды қуантуға жұмсаңыз. Бұл сізге позитив пен жағымды энергия береді, адамдармен қарым-қатынасыңыздың жақсаруына септігін тигізеді.
Мерген
Бұрыннан келе жатқан шиеленіскен мәселенің бір ұшығы қолыңызға ілігеді. Сәтін жіберіп алмаңыз. Сол ұштан «тартып» қалсаңыз, көптеген түйінді тарқатасыз. Көптен күткен қаржы қалтаңызға түседі. Өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келді ме, тексеріп көріңіз. Тауешкі Алдағы аптада кез келген жағдайда барынша сабырлылық сақтауға тырысыңыз. Сізді арандатқысы келген, сол арқылы абыройыңызға нұқсан келтіруді қалайтындардың құрығына ілінбеңіз. Бұл аптада ешкімнен қарыз сұрамаңыз, ешкімге қарыз бермеңіз де.
Суқұйғыш
Пайдасы тиетін ықпалды таныстармен қарым-қатынасыңызды жақсартыңыз. Сонда мансап баспалдағымен көтерілу мүмкіндігі туады. Әріптестер арасындағы абыройыңызға да жақсы әсерін тигізеді. Өзіңізге сенімді болсаңыз, осы аптада біршама биікті бағындырасыз.
Балықтар
Дәл қазір сізге ең керегі — бойыңызды босаңсытып, тынығу. Жеке өмірде орын алатын кез келген тосынсыйға іштей дайын жүріңіз. Егер ол жайсыз болса, еш мойымаңыз, келесі кезек жақсы тосыйсыйдікі. Ойыңызда көптеген жақсы идеялар туындайды. Жалқаулықтан арылып, идеяларыңызды жүзеге асыруға талпынсаңыз, табыс пен нәтижеге жетесіз.
Аударған: А.Бектұрғанова,
ERNUR.KZ