Ресми

2 ақпан – Ұлттық басылым күні

2023 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді. 111 жыл бұрын 2 ақпан күні «Қазақ» газетінің бірінші нөмірі шықты. Оның бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрды. «Қазақ» газетінде Мұстафа Шоқай, Сұлтанмахмут Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Халел Досмұхамедов және тағы басқа танымал қазақ қоғам қайраткерлері өз мақалаларын жариялады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сала қызметкерлерін атаулы күнмен құттықтады.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен

– Қазақ баспасөзінің тағылымға толы тарихында бұл күннің маңызы бөлек. Себебі дәл осы күні Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялыларының есімімен ұштасып жатқан «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Өткен жылы Үкімет қаулысымен 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілуінің өзіндік символдық мәні бар деп білеміз. Ұлт мүддесін қорғауда ұлттық-саяси мінберге айналған «Қазақ» газеті болашаққа деген ұлы мұрат жолында барша халықтың басын біріктірді. Ұлттық бірлік пен ынтымақтың ерен үлгісін көрсетіп, қазақ қоғамынның рухани кемелденуіне айрықша ықпал етті. Мемлекет басшысы «Отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқарады» деп атап өткеніндей, баспасөз қашан да ұлттың үні, мемлекеттігіміздің тұғыры іспетті, – деді министр.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button