АймақБалқаш

Балқаш көлінің жағажайында «БалқашTourfest – 2024» фестивалі өтеді

Биыл 26-27 шілдеде Ақшағыл кентінің (Рембаза) ауданындағы Балқаш көлінің жағажайында осы жаздың ең атмосфералық және ұмытылмас оқиғасы – «БалқашTourfest-2024» фестивалі өтеді. Фестивальдің басты хедлайнеры – аса танымал қазақстандық орындаушы Дастан Оразбеков. Қарағанды облысы әкімдігі ұйытқы болып отырған фестиваль биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

Қарағанды облысында туризмді дамытуға көбірек көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда туристік əлеуетті дамыту – Балқаштағы негізгі бағыттардың бірі болып отыр. Екі күнге созылатын жағажайдағы жайдарлы сәттер туризм тынысын одан әрі аша түсуге ықпал етеді деп күтілуде.

Ұйымдастырушылар таңертеңгі 10-нан түн ортасына дейін жалғасатын мәдени, спорттық және ойын-сауық шараларын дайындауда. Белсенді демалысты ұнататындар үшін йога және зумба кәсіби жаттықтырушыларымен таңертеңгілік сабақтар, ұлттық және жағажай спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі. Балқаш желкенді регата, би фестивалі және көбік кеші болып, балаларға арналған театрландырылған ойын бағдарламалары, шеберлік сабақтары, байқаулар, викториналар жоспарланған.

Сондай-ақ ашық аспан астында кинотеатр ашылмақ, онда қазақстандық режиссерлердің мультфильмдері мен киноленталары көрсетіліп, танымал музыканттар, креативті жүргізушілер, диджейлер мен бишілер өнер көрсетеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button