АймақАқтоғайБас тақырып

Ақтоғай ауданының әкімдігі «Ақжарық-Аппаз» тасжолын неліктен жөндегілері келетінін түсіндірді

Кеше Ақтоғай ауданындағы жоқ жолға 328 млн теңге бөлінбек болғанын жазған болатынбыз. Бүгін редакциямызға Ақтоғай ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөлімі ММ басшысы Капашев Ардагер Ермекбайұлының прокуратураның наразылығымен жойылған жолды жөндеу бойынша конкурсқа қатысты жағдайға түсініктеме берген видеоүндеуі келіп түсті.

Суретті түсірген: Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Ардагер Ермекбайұлының айтуынша, Ақжарық-Аппаз жолы Қарқаралы мен Ақтоғай аудандарын қосатын тарихи жол. Бұл жол аудан халқы арасында үлкен сұранысқа ие. Сондықтан бұл жолды жөндеу жоспарда бар. Жаз мезгілінде халық саны 40 000-нан асатын екі ауданның тұрғындары осы жолмен жиі жүреді. Ал, жолды жөндеген жағдайда жол 450 шақырымға қысқарып, тұрғындар мен туристердің уақытын үнемдейтін болады. Ақпан айының соңына дейін құжаттарды рәсімдеуді аяқтап, ағымдағы жылдың көктемінде жұмысқа кірісу жоспарланған.

Редакциямызға жолданған видеоүндеуді назарларыңызға ұсынамыз!

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button