Жаңалықтар

Тиімді тәрбие тәсілі

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалы қ мақаласында айтылған орнықты ойлар мен басты бағыт ретінде ұсынылған ұстанымдар – жас буынға тиімді тәлім-тәрбие берудің таптырмас тәсілдері. Осынау үрдісті үзіліссіз әрі жүйелі негізде жүргізудің қоғам үшін қайтарымы мол болары анық.

Айталық, Жезқазған қаласының №13 жалпы білім беретін орта мектебінде «Өлкетану» курсын мәні мен маңызы өте зор құнды құжаттың талаптарына сәйкес өткізу жайына ерекше мән беріліп келеді. Соған орай, жуырда арнайы бекітілген мектепішілік тәрбие жұмыстарының жоспары аясында орта буын сыныптардың оқушылары қаладағы тарихи-өлкетану музейіне саяхатқа барды. Балалардың көңіліне аса қонымды болған саяхаттың негізгі мақсаты – оқушыларға туған өлкенің тарихын түсіндіру, өңір тарихының маңызды кезеңдері туралы ақпарат беру, сол арқылы қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Бұл ретте олардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау мен дамыту жайы да алдыңғы кезекте тұрғанын айта кеткен жөн. Қалай десек те, оқушылардың бойында ұрпаққа қалдырған мұралары бағалы ата-бабаларының рухына кіршіксіз құрмет сезімін және өздері туыпөскен өңірге перзенттік сүйіспеншілігін қалыптастыру – мектеп ұстаздарының бірегей парызы.

Саяхат барысында балаларға музейдің тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды және тағы да басқа мұраларды жинақтап, сақтайтын ғылыми-танымдық маңызы бар мәдениет ошағы екендігі жете түсіндірілді. Оқушылар, сонымен қатар, музейлердің қоғамға заттық және рухани құндылықтарды танытуда, оларды ғылыми тұрғыда зерделеп, нәтижелерін насихаттауда ешқандай өлшем аясына сыймайтын маңызды рөлін жете бағамдады. Аталған санаттағы мәдениет ошақтары ғылымның, білімнің және мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал ететініне көз жеткізді.

 Туған өлке табиғатының тартымдылығы хақында тағылымды әңгіме тыңдаған оқушыларға осы өңірдегі жан-жануарлар әлемі туралы да мәліметтер ұсынылды.

Жас буын өкілдері тарихи-өлкетану музейі қабырғасында Алаштың ірі мемлекет және қоғам қайраткерлері мен ағартушы тұлғалары жөніндегі деректерге де қанықты.

Ғайни РАХМЕТОВА,

тарих пәнінің мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button