Жаңалықтар

100 сауалға 100 жауап

97. Сақтандыру жағдайының құны қалай өтеледі? КШТ бойынша ма, әлде нақты шығыстар бойынша ма?

Медициналық қызметтерді жеткізушілерге бәсекелестік ортаны құруға бағыттықты және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, әлеуметтік сақтандыру жағдайында медициналық қызметтерді төлеудің қолданыстағы тәсілдерін, оның ішінде стационарлық қызметтерді төлеу тәсілін одан әрі жетілдіру.

Ынталандырушы компонентімен қоса, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі амбулаториялық деңгейде дамытылады, пациенттердің ықыласында медициналық қызметтердің кешенділігі мен мұрагерлігін қамтамасыз ету үшін қызметтердің аралас тарифтерін қалыптастыру үйретіледі;

Стационарлық деңгейде, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып, клиникалық-шығындық топтардың негізінде тарифтері жетілдірілетін болады;

Сондай-ақ, ауруларды басқарудың енгізілетін тұжырымдамасы шеңберінде, кейбір жағдайларда медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейі біріктірілген тарифтер қарастырылады: медициналық –санитарлық алғашқы көмектен стационарлық емдеуге және одан кейінгі оңалтуға дейін, әсіресе, қымбат тұратын диагностика және емдеу технологиясын қолдану жағдайларында.

98. 1996-1998 жылдардағы ММСҚ-ның сәтсіз жұмыс тәжірибесі біздің есімізде. Осындай жағдай қазір де қайталанбайтынына кепілдік бар ма?

Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өз жағымды және жағымсыз жақтары бар.

1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға болмайды, оның сөзсіз жақсы жақтары бар.

Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмектің барлық ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады.

Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы мектепке дейінгі балалар мекемелерін жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін сезіледі.

Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық ахуал ағымдағы жағдаймен салыстыруға келмейді.

20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің есімізде, олардың көбісі банкротқа ұшыраған, еңбекақы бойынша үлкен қарыздар жинаған. Экономикалық дағдарыс жаппай, оның ішінде медициналық сақтандыру қорына төлемеудің негізгі себебі болды.

Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты аударымдарды қамтамасыз етуге қаратылған жергілікті атқарушы органдардың да қиын жағдайға тап болғанына байланысты күшейе түсті.

Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейміз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд.теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд. теңге аударады. Белсенді емес халық үшін Қорға салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн.

Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.

99. Патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер МӘСҚ-қа жарналарды қалай төлейді?

Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер жарналарды санауды және төлеуді өз бетінше, Қор шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы қаражатты тікелей аудару жолымен, патенттің құнын төлеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы қарастыратын мерзімде жүзеге асырады.

Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің жарнасы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2 төменгі айлық жалақыдан 5 пайызды құрайды.

100. Әлеуметтік-мәні бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады?

Әлеуметтік-мәні бар ауруларға мыналар жатады: туберкулез, адамның иммун тапшылғы және оны тасушысынан туындаған ауру, В, С вирустық гепатиті, қатерлі ісіктер, қант диабеті, психикалық бұзылу және мінез-құлықтың бұзылуы, балалардың церебралдық параличі, миокард инфаркті (алғашқы алты ай), ревматизм, дәнекер тіндердің жүйелік зақымдалуы, орталық нерв жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенерациялық аурулары, орталық нерв жүйенің демиелиндену аурулары.

Сондай-ақ, айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар санаты бар. Оларға жататындар: адамның иммун тапшылығы вирусы және оны тасушысынан туындаған аурулар, Конго-Крым геморрагиялық қызбасы, дифтерия, менингококтық инфекция, полиомиелит, жыныстық жолымен берілетін инфекциялар, алапес, безгек, күйдіргі (жеңіл түрі), туберкулез, тырысқақ, оба, іш сүзегі, вирустық гепатит, психикалық бұзылу және мінез-құлықтың бұзылуы.

Әлеуметтік-мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға медициналық ұйымдардағы медициналық көмек тегін кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде көрсетіледі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button