Пікірлер
Салғырттыққа салынбайық
Бүгін кешке ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа телевизиялық үндеу жариялады.
Мемлекет басшысы тағы да барлық азаматтарды карантин режимін ҚАТАҢ сақтауға шақыруда!!! Қатаң түрде сақтайықшы, қандастар!!!!
Расында, бұл Президентімізге ғана қажетті емес, барша отандастарымызға қажет шешім, саналы әрекет, маңызды жауапкершілік.
Короновирустың батпандап кіріп, ауқымды таралуы расында денсаулық сақтау жүйесіне ауыр салмақ түсірді. Қазақта “Өлім бардың малын шашады, жоқтың артын ашады” деген сөз бар. Бұл саланың арғы бетінің өте жұпыны, қауқарсыз екені көрінді. Баршамыз мұны күнделікті көзбен көріп жатырмыз. Дәрі тапшылығы, дәрігер жетіспеушілігі, жедел жәрдем қызметінің үлгермеушілігі, дәріхана алдындағы ұзын-сонар кезек – мұның бәрі қоғамның ащы шындығы.
Президентіміздің “Әр қазақ менің жалғызым” дегендей, Әр азаматымыздың қазасы жүрегімізге батады. Сол үшін 13 шілдені- Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын” дегені көңілді босатты. Аза тұтпаған неміз қалды, сұраусыз, амалсыз қаншама адам өліп жатыр. Тегін ауа жетпей, самсап тұрған дәрілер қолға түспеу қандай қасірет?! Рас, қаншама көзтаныстардың дер кезінде емделмей қаза болуы жүректі жаралады. Мемлекеттің ең қымбат байлығы – әуелі халық, ең бірінші байлығы- сол адамның денсаулығы емес пе?!
“Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды” деген сөзі, расында құптарлық. Себебі өз бетімен үйде әр түрлі емделіп жатқандар бар. Бізге нақты, бірізді мәлімет керек.
“Денсаулық- зор байлығымыздың” қадірін білейікші, қадірлі халқым! Аман болайықшы. Әр әулеттің әр адамы- Отанымыздың дәулеті ғой. Тезірек бірге осы індетті жеңіп шығар күнге жетейік!!!!
Ботагөз МҰХИДЕН,
айтыскер ақын.