Пікірлер

Орынды шешім – оң өзгеріс

БАҚ-тың барлық саласында Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы талқылануда. Іргелі мемлекет болып, уақыт сынына төтеп беру үшін мемлекеттің саяси реформалары мықты болуы қажет екенін уақыттың өзі көрсетті.

Биыл әлемде белең алып кеткен зобалаң індет елімізге де көптеген зардабын тигізіп, біраз олқылық орын алды. Сондықтан, жаңа реформалар мен стратегиялық бағдарлама құрылуы тиіс еді. Осы орайда, Президент қай мәселені болсын дер кезінде тап басып отыр. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

«Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетуді тапсырамын. Биыл оларды 10%-ға, ал келесі жылы тағы 15%-ға қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 2021 жылы 25%-ға қысқарту міндетін шешеміз». Тура бір жыл бұрын Мемлекет басшысы «2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту қажет» деген болатын. Көктемнен бергі карантин салдарынан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар, оның ішінде мемелекеттік қызметкерлер онлайн жұмыс режиміне ауысты. Одан жұмыс тиімділігі төмендемеді. Керісінше, мемлекеттік қызметкерлерді қазір-ақ қысқарта беруге болатынын көрдік. Бұл әрине бастапқы кезде кейбір қиыншылықтарға тап болу қаупін тудыруда. Алайда, жүйелі шешім – оң өзгерістердің кепілі.

Ерзат ЕРМАҒАМБЕТОВ,

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының

Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушысы.

Басқа материалдар

Back to top button