Басты басымдық — басты назарда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму бағыттарына байыпты талдау жасады, қоғамды әлеуметтік жаңғырту жолындағы басты басымдықтарға тоқталды. Экономика негізделуі тиіс жеті қағиданы қадап айтты.
«Барлық бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар, шын мәнінде өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Бәсекеге қабілетсіздік – импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осында. Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқық сақталады. Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл – жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілідіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу керек.
Тағы бір маңызды мәселе. Келесі жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормасына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды, бірақ Үкімет ауылшаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс – тәсілдерін енгізу тиіс», – деді Президент.
Жолдауда айтылған бағыттардың барлығы орындалады және іске асырылады деген сенімдемін. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз
Сләмиден Нұркенов,
Аудандық мәслихат хатшысы.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.