"Білгенге маржан"
Қызғылт сүт
«Анамның ақ сүті» деп жатамыз ғой. Ал, зебраның құлыны бұл сөзді айта алмайды. Біріншіден, тілі жоқ. Екіншіден, зебра сүтінің түсі қызғылт екен.
Ғалымдар қызғылт түстің себебін анықтапты. Сараптама нәтижесінде сүт құрамында ақуыз бен қанттың мөлшері жоғары екендігі белгілі болған. Содан сүт қызғылт реңк алады. Және тәтті. Тумысынан тәтті сүт ішіп жүрген құлында арман жоқ дерсіз…
Бегемоттың да сүті – қызғылт. Сүт жануардың денесінен бөлінетін қызыл майдың әсерінен қызғылт түске енеді. Қан түсті май бегемотты күннен қорғайды. Ал, қызыл май мен ақ сүт араласқанда қызғылт түс береді.
Маржан терген Нұрқанат ҚАНАПИЯ.