Пікірлер

Қоғамдық бақылауға – айрықша назар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы қоғамда қордаланған көп мәселені шешудің оңтайлы жолдарын ұсынуымен ерекшеленеді деп ойлаймын.

Бүгінде мемлекеттік басқару ісіндегі ең өзекті проблема сыбайлас жемқорлық екені ешкімге жасырын емес. Осы жемқорлықтың салдарынан қазынаның қыруар қаржысы ұстағанның қолында кетіп, жоспарланған көп жобалар жүзеге аспай, асса да сапасы сын көтермей жатқан жайы бар. Бұл ретте Президент сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға басымдық бере отырып, бұл істе қоғамдық бақылаудың ролі ерекше екеніне тоқталды.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Енді, жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілермен жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізген жөн», – деді Президент.

Президенттің қоғамдық кеңестердің ролін арттырып, оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту туралы бастамасы ең алдымен жемқорлықтың салдарымен емес, оны туғызатын себептерді ерте анықтап, мемлекет дамуын тежейтін жегі құртты ерте жоюды көздейді. Әрине, бұл айтылғандарды жүзеге асыруда әрбір қазақстандықтың, азаматтық қоғам институттарының де белсенділігі ауадай қажет.

Дархан МҰХАН,

журналист,

Жезқазған қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Басқа материалдар

Back to top button