КоронавирусРесми

Емдеу мекемелері дәріден тапшылық көрмейді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ азаматтарға дәрілік құралдарды жеткізу мен олардың еміне ерекше мән беріп отырғанын айтты. Бұл мәселе Үкіметтің күн тәртібінде.

Ералы Лұқпанұлының айтуынша, соңғы жылда отандық фармацевтика саласындағы өндіріс 7 есеге артқан. Ауруханалар да қазірдің өзінде қажетті дәрілермен толық қамтамасыз етілуде. Емдеу мекемелерінде 17 700 адамның жатқанын ескере отырып, арнайы кепіл үшін 27 000 пациент үшін дәрімен қамтамасыз етілген. Бұл шара осымен тоқтап қалмайды, яғни, дәрі-дәрмектерді қосымша сатып алу қарастылып, 59 мың емделушіні қамтамасыз ете алатын деңгейге жеткізіледі.

Одан бөлек, еліміздің барлық аймағындағы 4 000 науқас үшін 160 мың таблетка лапинавир, ротинавир дәрілері қайтадан жеткізіле бастайды.

– 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін қосымша 840 000 лапинавир, ретинавир таблеткалары, 61 000 гидроксихлорохин, 11 000 флакон ремдисевир, 15 тамызға дейін бұл көрсеткіш 440 мыңға дейін жеткізіледі, – дейді Ералы Тоғжанов.

Премьер-Министрдің пациенттердің барлығына вирусқа қарсы терапия тағайындала бермейтінін ерекше атап өтті.

Бүгінгі таңда міндетті әлеуемттік сақтандыру шеңберінде тегін  дәрілер тізімі жасалғанын айту керек. Оған жіті вирустық респираторлық ауруларға, ауруханадан тыс пневмонияға қарсы дәрілер кіреді. Бұл тізімде, антибиотиктер, қызуды төмендететін дәрілер бар.

Салтанат ІЛИЯШ.   

 

Басқа материалдар

Back to top button