Пікірлер

Ғылымға серпін береді

Әлемде білімділердің бәсекесі қызған тұста, отандық оқу-ғылымның көш соңында шаң қауып қалмауы – аса зор мәнге ие. Ілім-білім кем елде даму да, ілгерілеу де жоқ. Ғылым өрістемейінше, өркендеу де кемшін. Сондықтан да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ халыққа Жолдауында білім саласына тағы бір басымдық берді. Білімнің сапасы қашан да өзекті.

Ал, елдегі ғылым жүйесінің әлі де күрмеуі шешілмеген түйіндері бар екендігі жасырын емес. Бұл орайда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің ғылымға қамқорлық танытуы үшін арнайы тапсырма берді. Бұйырса, Президент тапсырмасына сай еліміздің 500 ғалымы әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарына сапарлап бармақ. Содан арнайы тағылымдамадан өту арқылы отандық ғылымның өрісін кеңейтетін болады. Бұл – өте қуанарлық жайт.

Ғылымның одан әрі дамуына түрткі болатын Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы ғалымдарға тың мүмкіндік берері шүбәсіз. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлының қоғам дерті – сыбайлас жемқорлықты тыюға қатысты тапсырмалары да көптің көкейінен орын алары хақ. Сыбайластықпен ымырасыз, жемқорлықпен үздіксіз күрес ондағы тәсілдерді өзгерту қажеттігін көрсеткені белгілі. Мемлекет басшысы осыны тап басты. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнамалық өзгерістер енгізу туралы тапсырмасы бұл дерттің де жойылуына ықпал етеді деген сенім зор.

Құралбай МЕҢЛІБАЕВ,

«Болашақ» академиясының ректоры.

Басқа материалдар

Back to top button