Пікірлер

Бала — басты назарда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл Жолдаудың орны біз үшін ерекше.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ана мен бала, отбасы жайлы, сондай-ақ балаларға зорлық көрсетуге қатысты қылмыстардың жазасы күшейтілгендігі жөніндегі мәселелерге тоқталды. Еліміздің болашағы жас ұрпақты қорғау, оларға дұрыс бағыт беру үлкендердің жауапкершілігінде. Аналар кеңесінің төрайымы ретінде ұлт болашағы үшін отбасы мен бала тәрбиесінің ролі мен үшін аса маңызды. Жолдауда айтылғандай, балаларға қатысты жасалған қылмыстардың жазасы күшейтіліп, қылмыскерлерге кешірім болмайды. Бұл баласы үшін уайым кешкен әрбір ата-ана үшін медет болатынына сенімдімін.

Сондай ақ, тұрғын үй мәселесін де қадап тапсырды. Бұл тапсырмалар алдағы уақытта орындалып, баспанасыз отбасыларға үкілі үміт сыйлайтыны анық.

Жанар КЕНЖЕҒАЛИЕВА,

Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы.

Басқа материалдар

Back to top button