Пікірлер

Баланы қорғау – басты парыз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы дерттен есеңгіреген халыққа зор қолдау болды. Ел дамуына негізгі күш беріп отырған жетекші салаларды тілге тиек ете отырып, дамыту механизмдерін де баса айтты. Осы орайда, көпбалалы ана ретінде менің көңілімнен шыққаны-бүгінгі күнде балаларға жасалып жатқан зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Елімізде жиі орын алатын-жас балаларға жасалатын зорлық түрлерін тиюға тосқауыл қою керектігіне баса назар аудару қажеттігін ерекше айтып өтті. Балалар құқығын қорғау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып қала беретіндігін айта келе, осындай қылмыстарды жүзеге асырған қылмыскерлер мерзімінен бұрын босатылмай, әрі рақымшылыққа жатпай, қатаң жазалану керек, деді. Бұндай оқиғалар құқық қорғау органдары тарапынан да қатаң қадағалануын тапсырды.

Мен де басқа аналар сияқты, балаларымның тағдырына алаңдаймын. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, өсіріп, тәрбиелеп, көзінің ағы мен қарасына балап отырған балаларының қайдағы бір хайуанның шеңгеліне түскені кімнің де болса, жанын жарайлайды. Еліміздегі педофилизмнің алдын алуды ел Президенті бас болып назар аударғаны қуантып отыр. Бірлесе, әділ, жауапкершілікпен жұмыс жасай отырып, бұл қылмысты түп-тамырымен жояды деген сенімім мол.

Гүлжан КӨПЖАСАРОВА,

көпбалалы ана.

ҚАРҚАРАЛЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button