Жаңалықтар

Әзірлікке кірісті

    «Sports.kz»   хабарлаған­дай, Юлиус СЗОКЕ «Шахтер» са­пын­да ойнамайтын болды. Енді қарағандылық клубтың жейдесін кимейтінін футбол­шының өзі де растады.

Футболшының айтуынша, ол өзге клубпен жасалған келісім-шартқа қол қойыпты. Дегенмен, клуб басшылығы таныстырмай бұл мәселені тісінің арасынан шығаруға құқы жоқ.

Айтуынша, «Шахтерден» кетуіне қаржылық жағдайлар себеп емес.

«Өміріме өзгеріс енгізу қажет болды. Келешекте Қазақстанда ойнасам, тек, «Шахтерді» ғана таңдар едім», – дейді Сзоке.

Жиырма екі жастағы словак легионері 2016-2017 жылдағы маусымда ойнады. Жемісті ойын өрнегін көрсетіп, «Шахтердің» белді футболшысына айналды. 55 матч өткізіп, 5 гол соқты.

Бүгінгі таңда «Шахтер» алдағы маусымға дайындыққа кірісті. 9-29 қаңтар аралығында Түркияның Антальясында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button