Бас тақырыпЖаңалықтар

Әзірлік қызу

Қазақ даласының ұлы жырауы, мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойына орай жан-жақты іс-шаралар атқарылуда.

Бұқар жырау 350 жыл логтотип

 Бұқар жырау мерейтойының ресми ашылу салтанаты 18 тамызда Бұқар жырау ауданындағы баба ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен және «Баба рухына тағзым» атты мерекелік іс-шарамен басталады. Дала сахнасында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры Бұқар жыраудың өмірін көрсететін «Күміс көмей әулие» театрландырылған қойылымын көрермен назарына ұсынады.

Аталмыш ауқымды іс-шара ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылады. Бұқар жыраудың шығармашылығы арқылы рухани құндылықты, ұлттық салт-дәстүрді және қазақ халқының тарихын зерделеуге мүмкіндік туғызады.

Мерекелік бағдарламада, сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар (қазақша күрес, аударыспақ, аламан бәйге, топ бәйге, қыз қуу, көкпар және тағы басқалары) өткізіледі. Облыстың шығармашылық ұжымдары мен қазақстандық және шетел эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Баспақова, «Хайрулло Дадобоев» дойрошылар фольклорлық ансамблі (Тәжікстан), Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрі және Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің жеке орындаушылары қатысады деп күтілуде.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button