Жаңалықтар

Жоғары зейнетақы кімге беріледі?

     2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақыны есептеу әдісі өзгереді.  Бұл туралы “БЖЗҚ” АҚ филиалында өткен “Ашық есік күнінде” айтылды. Егер, бұған дейін базалық зейнетақы төленгенде адамның еңбек өтілі ескерілмейтін болса, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне қарай тағайындалады. Қысқасы, қарттығыңыздың қамсыз болуы – қанша жыл жұмыс жасағаныңызға байланысты.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы – еңбек зейнетақысы – 8%, ал міндетті зейнетақы мен басқа да жәрдемақы түрлері – 6%-ға өседі.

2014 жылы Елбасының Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, зейнеткерлік жасқа толуға және I, II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу барысында зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын біржола алуды жою жоспарланған болатын. Демек, зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет толығымен төленеді. Ал егер алушы зейнетақы төлемдерін алу үшін зейнетақы Қорына жүгінген күні жинақ сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен асатын болса, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болатын.

2018 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Ереже бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.  Бірақ, Қорға жүгінген күні зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған болса, оларды толығымен алуға мүмкіндік бар екендігін тағы да еске саламыз. 2018 жылы бұл сома 33 745 x12 = 404 940 теңгені құрайды. Ал, егер одан асатын болса, қаражаттың барлығы тек ай сайын төленеді.

Ал, 10 жылдан артық жұмыс жасағандарға әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады. Еңбек өтілі 35 жылдан асқан еңбеккерлерге 100 пайыз, ал 20 жылдық еңбек өтілі барларға 74 пайыз базалық зейнетақы тағайындалады.

Сонымен, зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі өзгереді. Бүгінгі күні ең төменгі күнкөріс деңгейі – 24 459 теңге. Құрылымның өзгеруі аталған деңгейді 16%-ға өсіре алады. Осылайша, бюджетке түсетін салмақ пен адамның зейнетақы жүйесіне қатысуы арасындағы тепе-теңдік орнатылады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 284 теңгені құрауы ықтимал.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button