Жаңалықтар

Жеткіншектер жетістігі

Таяуда Алматы қаласында «Жеңіспен келген көктем» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық өнер байқауы өтті. Осы байқауға Жаңаарқа аудандық балалар өнер мектебінің бірнеше шәкірті қатысқан болатын.

Эстрадалық вокал бағыты бойынша оқытушылар – Нұрдәулет Кәдірбеков пен Ақниет Тутеева, домбыра сыныбының ұстазы Жұлдыз Балапанова мен Дарын Есенов, сондай-ақ, дәстүрлі ән бөлімінің ұстазы Ерқанат Көшеновтен тәлім алатын балғын өнерпаздар ел үмітін ақтады.
О.Жұмабеков атындағы орта мектептің оқушылары – Фатима Армия домбыра аспабында ойнау бойынша дипломант атанса, эстрадалық вокал бойынша Ажар Бекенова бас жүлдені қанжығалады.
Сабина Аманжолова ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ, Тоғжан Тәжікеева домбыра аспабында ойнау бойынша ІІ орын, Едіге Алпысбай дәстүрлі ән бойынша ІІІ орын алды.
№132 орта мектеп оқушылары – Нұрислам Тылтыш домбыра  аспабында ойнау бойынша І орын, Шахназ Кәртай домбыра аспабында ойнау бойынша ІІ орын алса, Әділбек Аманжол да дәстүрлі ән байқауы бойынша ІІ орынға қол жеткізді. Б.Амалбеков атындағы мектептің оқушысы Темірлан Әлмағанбетов домбыра аспабында ойнау бойынша
І орынды еншілеп, Ынталы орта мектебінің оқушылары – Алмат Тұрысбек эстрадалық ән бойынша бас жүлде, Елекен Абылай І орынды иеленіп, Жанаргүл Айтжанова ІІІ ші орынды
қанағат тұтты. Жетекшілік еткен ұстаздар Алғыс хаттармен марапатталды.

Индира АСАМИДАНОВА,
аудан әкімінің баспасөз
хатшысы.
ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button