Жаңалықтар

Жасыл экономика –таза экология кепілі

           Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айқындалған міндеттер нақты маңыздылығын танытып отыр. Оның ішінде «ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі» деген бөлігі көпшіліктің көкейіндегі мәселесінің түйінін шешкендей.

Біз осы орайда он жаһандық сын-қатерінің дені азық-түлік қауіпсіздігіне, су, табиғи ресурстарды, энергетикалық, тағы да басқа адам өміріне қажетті дүниелерді таза сақтай отырып, дамыту жолдары айқындалғанын пайымдадық. Сондай-ақ, өз саламызда көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтарды болдырмау, алдын алу үшін маңыздылығы зор болып табылады.
Облысымызда экологияның қорғалуын қадағалайтын мекеме – экология департаментінің міндеті – облыс аумағында жұмыс жасап жатқан жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың қоршаған ортаға тигізер әсерлері, «жасыл экономика» жобасының жүзеге асырылуы, өскелең ұрпақты экологияны қорғауға баулу. Экология кодексіне сәйкес, табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың қоршаған ортаға қалдықтар бөлу рұқсатын алудың арнайы тәртібі белгіленген. Оның басты шарттарының бірі – мекеменің жұмыс істеуі кезінде қоршаған ортаға тигізетін әсерін мейлінше азайтуға бағытталған табиғатты қорғау шаралары жоспарының болуы қажет. Бұл табиғатты қорғау шараларының жоспары қоғамдық тыңдауларда талқыланып келеді. Қарағанды облысы – ең ірі индустрияланған өңірдің бірі. Аймағымызда металлургия, құрылыс өнімдерін, жылу қуатын өндіретін өндіріс ошақтары орналасқан. Міне, осы кәсіпорындар ауа бассейнінің жағдайына әсер етеді. Ауаның жағдайы – басты мәселелердің бірі, сондықтан бұл мәселені жергілікті атқарушы және бақылаушы органдар қатаң бақылауда ұстап отыр. Жергілікті атқарушы органдар нақты шаралар алуда, бірақ сонымен қатар, аймағымызда күннен-күнге өсуде, жаңа ғимараттар тұрғызылып, автокөліктердің саны артып келеді. Осы ретте, Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде комитет төрағасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында табиғат пайдаланушылардың экологиялық рұқсаттарды алуға өтінім құжаттары мен мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен жобалық құжаттамаларды қарастыру жөніндегі комиссия құрылған. Уақытылы мерзімге сәйкес қоршаған ортаға тасталынатын зиянды заттардың, шығарындылар мен төгінділердің нормативтерінің сақталуы, атмосфералық ауаның ластануы, тазарту қондырғыларының жұмыс жасау тиімділігі, топырақтың ластануы бақыланады. Сонымен қатар, мекемелердің және кәсіпорындардың аналитикалық мәліметтерінің шынайылығына тексеру жүргізеді. Қажетті өлшеуіш құрылғылармен, көмекші жабдықтармен және өлшеу әдістерінің талаптарына сәйкесті құрылғылармен жабдықталған. Барлық бақылау әдістері мемлекеттік тексеру мерзімінде жүзеге асатын куәліктері бойынша қолданылады.
«ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында Қазақстан «жасыл экономика» идеясын да шешуге оң қадамдар жасады. Энергия қуатын алатын жобалар қолға алына бастады. Бүгін біздің өңірде 55 ЖЭК нысандарының жалпы қуаты 336 МВт құрап отыр. Олар 2017 жылы шамамен 1,1 миллиард кВт/с «жасыл» энергия өндірілген.
Халықтың арасында экологиялық көзқарас қалыптастырмай, тек қана тыйым салу мен айыппұл төлеткізу арқылы облысымызда қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудің мүмкін емес екендігін білеміз. Сондықтан, департаментіміз қоғамды қоршаған орта туралы ақпараттандыру бағытында ағарту жұмыстарын жүргізіп келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біз жоғарыда айтқан, «жасыл экономикаға» өту Тұжырымдамасын бекіткенін, сол құнды құжат негізінде жыл сайын елімізде «жасыл» модернизацияға ұлттық ішкі жалпы өнімнің 2 пайызын құрайтын инвестициялар салу қарастырылып отырғанын тілге тиек етіп, Президенттің: «2050 Стратегиясы қазіргі ең басты міндет. Мақсат айқын, жақсы әрі тиімді. Мемлекет экономикалық дамудың жоғары деңгейінде тұр.

Мәруа ИБРАЕВА,
Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button