Басты тақырыпСпорт

Жаһандық доданың 22-ші биігі

Риодағы Олимпиада мәресін Қазақ- ­стан құрамасы 22-ші болып кесті. Олимпиадалардың бас бәйгесін бермеуді дәстүрге айналдырған АҚШ тағы да бірінші болып кермеге жетті. АҚШ-тан айтарлықтай қара үзіп қалған Ұлыбританияда – 67 медаль. Шығыстағы қоңсымыз Қытай – 26 алтынымен үшінші сатыда.

Қазақстан 207 мемлекет арасында 22-ші сатыда. Тәубе қылайық. Осы 207 елдің, тек, 87-сі ғана жүлдегерлер көшіне ілігіпті. Арасында жалғыз қоламен тізімге тіркелген 9 мемлекет бар. Төскейде малымыз қосылған көршіміз қырғыз елі де осы топқа оныншы болып енер еді. Зілтемірші Иззат Артықовтың сараптамасынан допинг табылып, қырғыздар қоласынан айырылып қалды.

Рио Олимпиадасы тәмамдалуға санаулы сәттер қалғанда өзбек құрамасы алдымызды орап кетті. Сөйтіп, біз посткеңестік мемлекеттер сапында Ресей мен Өзбекстаннан кейін үшінші сатыға жайғастық.

Әйгілі атлеттерімен даңқы шыққан Украина алғашқы отыздыққа да ілікпеді. Отаны – дүрбелеңнің ордасына айналған украин спортшылары жарытып өнер көрсете алмады. Атлантада – 9, Сиднейде – 3, Афиныда – 8, Бейжіңде – 7 және Лондонда – 6 алтынды олжалаған украиндар Риода небары екі мәрте Әнұрандарын әуелетті. Ағайындықтан айырылып, іштен ірігеннің салдары ғой сол. Бастысы – іргеміз бекем болсын. «Лондонда 7 алтын алып едік» деп, салымыз суға кетпесін. Бірлікпен тірлік қыла білсек, төрт жылдан кейін Токиода топ жарарымыз анық.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Орны Мемлекет атауы Алтын Күміс Қола Барлығы
1 АҚШ

46

37

38

121

2 Ұлыбритания

27

23

17

67

3 Қытай

26

18

26

70

4 Ресей

19

18

19

56

5 Германия

17

10

15

42

6 Жапония

12

8

21

41

7 Франция

10

18

14

42

8 Оңтүстік Корея

9

3

9

21

9 Италия

8

12

8

28

10 Аустралия

8

11

10

29

11 Нидерланды

8

7

4

19

12 Мажарстан

8

3

4

15

13 Бразилия

7

6

6

19

14 Испания

7

4

6

17

15 Кения

6

6

1

13

16 Жамайка

6

3

2

11

17 Хорватия

5

3

2

10

18 Куба

5

2

4

11

19 Жаңа Зеландия

4

9

5

18

20 Канада

4

3

15

22

21 Өзбекстан

4

2

7

13

22 ҚАЗАҚСТАН

3

5

9

17

23 Колумбия

3

2

3

8

24 Швейцария

3

2

2

7

25 Иран

3

1

4

8

26 Грекия

3

1

2

6

27 Аргентина

3

1

0

4

28 Дания

2

6

7

15

29 Швеция

2

6

3

11

30 ОАР

2

6

2

10

31 Украина

2

5

4

11

32 Сербия

2

4

2

8

33 Польша

2

3

6

11

34 Солтүстік Корея

2

3

2

7

35 Бельгия

2

2

2

6

35 Тайланд

2

2

2

6

37 Словакия

2

2

0

4

38 Грузия

2

1

4

7

39 Әзірбайжан

1

7

10

18

40 Беларусь

1

4

4

9

41 Түркия

1

3

4

8

42 Армения

1

3

0

4

43 Чехия

1

2

7

10

44 Эфиопия

1

2

5

8

45 Словения

1

2

1

4

46 Индонезия

1

2

0

3

47 Румыния

1

1

3

5

48 Бахрейн

1

1

0

2

48 Вьетнам

1

1

0

2

50 Қытай Тайпэйі

1

0

2

3

51 Багам аралдары

1

0

1

2

51 ТОА құрамасы

1

0

1

2

51 Кот-д’Ивуа́р

1

0

1

2

54 Фиджи

1

0

0

1

54 Иордания

1

0

0

1

54 Косово

1

0

0

1

54 Пуэрто-Рико

1

0

0

1

54 Сингапур

1

0

0

1

54 Тәжікстан

1

0

0

1

60 Малайзия

0

4

1

5

61 Мексика

0

3

2

5

62 Алжир

0

2

0

2

62 Ирландия

0

2

0

2

64 Литва

0

1

3

4

65 Болгария

0

1

2

3

65 Венесуэла

0

1

2

3

67 Үндістан

0

1

1

2

67 Моңғолия

0

1

1

2

69 Бурунди

0

1

0

1

69 Гренада

0

1

0

1

69 Нигер

0

1

0

1

69 Филиппин

0

1

0

1

69 Катар

0

1

0

1

74 Норвегия

0

0

4

4

75 Мысыр

0

0

3

3

75 Тунис

0

0

3

3

77 Израиль

0

0

2

2

78 Аустрия

0

0

1

1

78 Доминикан Республикасы

0

0

1

1

78 Эстония

0

0

1

1

78 Финляндия

0

0

1

1

78 Молдова

0

0

1

1

78 Марокко

0

0

1

1

78 Нигерия

0

0

1

1

78 Португалия

0

0

1

1

78 Тринидад және Тобаго

0

0

1

1

78 БАӘ

0

0

1

1

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button