Жаңа жәдігерлермен толықты

Теміртау қаласындағы тұңғыш Президенттің тарихи – мәдени орталығы мұражайы қоры жыл сайын жаңа экспонаттармен толығып тұрады. Оларды Қарағанды облысының тұрғындары тапсырып тұрады екен. Мұндағы алты залда 3 мыңнан астам экспонат бар. Жыл сайын олардың саны өсіп келеді. Төрт жыл бұрын ашылған мұражайға 100 мыңға жуық адам келіп үлгеріпті.

Теміртау қаласын­дағы заманауи архи­тек­тураның озық үлгі­лерінің бірі болып саналатын, қазақтың ки­гіз үйінің дизайнына ұқсастырып са­лынған бұл орталықта тұңғыш Президенттің өм­ір жо­лы өзек болған.

Қазақстан Прези­денті­нің жұмысына және қызмет бабымен көтер­ілуіне бастау болған 60-жылдардың аяғында ең жігер­лі, көңілі алаң қазақ­стан­­дықтарды өзі­не қызықтырып тарт­­қан Қазақстан Магнит­ка­сының құрылысы еді. Теміртауға келген сапарында Президент Назарбаев: «Магнитканың тарихы, Теміртаудың тарихы, оның адамдарының тағдыры менің тағдыры­м -­мен біте қайнасқан. Егер де менің өмірімде Магнитка мен Теміртау болмаса, мен ешқашанда Президент болмас едім», деген еді. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени ор­талығы Теміртау қаласында 2011 жылдың 22 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен ашылды. Мәдени ошақты өркендету жұмыстарынан Елбасымен қызметтес болған әріптестері де тыс қалмайды. Биыл, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай олар жаңа сыйлықтар жасады. Елбасының қызметтестері Тұңғыш Президент мұражайына жаңа кітаптар мен суреттерді табыстады. Қарттар бұл фотосуреттер әрқайсымызға аса қымбат болғанымен мұражайға қажеттірек, — дейді. Көзкөргендердің алып келген сыйлықтары Президенттің Магниткадағы жұмысына арналған залында салтанатты түрде табысталды. Елбасымен қызметтес болғандар қабырғада ілінген суреттерден өздерін көріп қуанды.

Жұлдыз ТОЙБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.