Жөндеу жұмыстары – назарда

00

Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ облыс орталығын аралады. Сапар барысында «Федоров» көпірінің жай-жапсарымен танысты.

Аталған көпір 1969 жылы тұрғызылған. Содан бері онда күрделі жөндеу жүрген жоқ. Бүгінгі таңда көпірдің қосымша жолының төсеме үймесі, қабырғасы, өтпелі тақтайша, арматуралық бөлігі жалаңаштанып қалған. Ал, оның сыртқы қабатын жөндеу бұл мәселелерді түбегейлі шешпейді. Сондықтан биылғы жылы көпірге күрделі жөндеуді бастауға шешім қабылданған болатын. Қазіргі уақытта жолдың фрезерлік жабыны және Бытовая көшесі бойынша айналма жолды жөндеу жүргізілуде. Жол полициясы органдарымен бірге жол-қозғалысын ұйымдастыру жұмыстары қарастырылуда.

Сондай-ақ, Федоровка секторында жергілікті билік Молоков көшесі бойынша Бұқар жырау даңғылынан №1 маршрут бойынша өрт сөндіру бөліміне және Зональная көшесі Бұқар жырау даңғылынан Асфальтная көшесіне дейінгі автокөлік жолдарын жөндеуді жоспарлауда.

Сапар қорытындысында облыс әкімінің бірінші орынбасары нақты тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.