Қарқаралы

Жүлделі орынға ие болды

Қарқаралының тамаша табиғатын сақтауда ұлттық табиғи паркінің атқарып отырған жұмысы орасан зор. Қалың қарағайы, қайың, теректері мен әрбір тасын қорғаумен ғана шектелмей, сол байлықты бағалай білуге халықты да тартуда. Мәселен, әр жыл сайын 12 наурыз 22 мамыр аралығында өтетін «парктер шеруі» аудан халқына үлкен жауапкершілік жүктейді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың проблемаларына халықтың, жұртшылықтың, мемлекеттік билік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің назарын аудару және оларға нақты практикалық көмек көрсету, халықты экологиялық ағарту мақсатында өткізілетін шараға өңір жұртшылығы бір кісідей ұйымшылдықпен атсалысады. Биылғы жылы «Табиғат еліңе деген сүйіспеншілік, табиғатқа деген сүйіспеншіліктен басталады» деген ұранмен өткізілген табиғат қорғау акциясы аясында ағаштар мен бұталар отырғызу, тұқымбақтарда жұмыс жүргізу, елді мекендер мен жол жиектерінің жасыл желектерін тазарту, қоқыс орындарын жинау, бұлақтарды көріктендіру, ормандарды қалпына келтірумен қатар, «Құстар күні», «Жер күні», «Таза өзен-таза жағалау», түрлі тақырыптарда дөңгелек үстелдер мен сазды бағдарламалар ұйымдастырылды. Осындай жауапты жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес. Жақында, аталмыш акцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі жүлделі ІІ орынды иеленіп, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Құрмет дипломымен марапатталды. Осындай ізгілікті шараға аудандағы мекеме кәсіпорындармен қатар, аудан халқы белсенді түрде атсалысып, әсем табиғатты қорғауда жұмыла жұмыс жасады.

Қарқаралы ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button