Заңға сай талқыланады

Жақында Қарағанды қалалық мамандандырылған әкімшілік ауданаралық соты қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Ағымдағы жылы атқарылған істер сөз болды.

Қарағанды қаласының мамандандырылған әкімшілік ауданаралық сотының төрағасы міндетін атқарушы Алмагүл Айкенованың айтуынша, ағымдағы жылы сотқа 7203 әкімшілік іс түскен. Оның 5 пайызы соттылығы бойынша жарлыққа сәйкес ортақ әкімшілік істерді құрайды. Ортақ істердің 425–і қарастырылған.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда құқықбұзушылыққа қарсы біршама іс қозғалған. Құжатқа сай көп істер ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айыру, қоғамдық тыныштықты бұзу, темекі қалдықтарын тастап, ауланы ластау секілді әрекеттермен байланысты орын алатын көрінеді. Атап айтсақ, қаладағы Пушкин даңғылы бойында орналасқан «Алма» ЖШС-не қатысты соттың үкіміне сәйкес әкімшілік іс қозғалған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 3- тарауы, 462-бабы бойынша әкімшілік өндіріп алу түрінде 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 060 500 теңге айыппұл салынып, үш күн азық-түлік өнімдерін сатуға тыйым салынған. Сондай-ақ, жүргізушінің көлікті ішімдік ішкен және есірткілік заттар қолданған күйде жүргізгені, жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталған. 608–бапқа сай әкімшілік құқықбұзушылық негізінде хаттама толтырылған. Оған қоса, тыйым салынған бұйымдарды арнаулы түзету мекемелерінде белгілі тұлғаларға жеткізу әрекеті орын алып, 481- бапқа сай жауапқа тартылған.

Аяулым СОВЕТ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.