Бас тақырыпЖаңалықтар

Цифрландыру – уақыт талабы

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды

Мемлекет басшысының цифрландыруға бағытталған бастамасы барлық саланың ілгерілеуіне жол ашары сөзсіз. Өйткені, ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Осы орайда, Жаңаарқаның мектептерінде ІТ-сыныптар ашу жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, ІТ-сыныптар ашу жобасы аясында алдағы үш жылда еліміз бойынша тегін 1000 ІТ-сыныптар ашылып, онда жылына 8-16 жас аралығындағы балалар бағдарламалау және робот техникасының негіздері жайында тереңдетілген білім алу жоспарланып отыр. Бұл бастама мектептерге факультатив пән ретінде енгізіліп, үш айлық және алты айлық курс ретінде жүргізіледі. Осы бағыттағы жұмыстар қолға алынып, нәтижесінде аудан орталығындағы 10 мектепте арнайы ІТ-сыныптар тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Көшбасшы партия аталған жобасының маңыздылығын терең түсіне отырып, үлкен қолдау білдірген аудан әкімдігі мен білім бөліміне алғысымыз шексіз. Себебі, облыс көлемінде ең бірінші ІТ-сыныптар біздің өңірімізде ашылды. Бүгінгі күнде ІТ-сыныптар саны бойынша облыста бірінші орында тұрмыз.

Сонымен қатар, партияның барлық қазметін цифрландыруға бағытталған «Цифрлы партия» жобасы қолға алынғанын атап өткен жөн. Бүгінде барлық партия мүшелерінің электронды каталогы жаңартылып, электронды қоғамдық қабылдау жұмысы жетілдірілді.

Әр дәуірдің өз талап-тілегі, сұранысы бар. Жаһандану дәуірі есік қаққалы жұрт жаңа технологияның тілін меңгеруге көшкен. Ендеше, заманның көшінен қалмау – уақыт талабы.

Әсет АМАНЖОЛОВ,

«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button