Тиімді мемлекеттік қызмет – даму негізі

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Замануи тиімді мемлекет» аясында «Назар аударатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін айқындап берді.

Мемлекеттік аппаратың негізгі міндеті – мемлекетті нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметкерлер басқарушылық шешімдер қабылдауда және мемлекеттік саясатты іске асыруда ел азаматтарының мүдделерін ескеруге міндетті. Бұл міндетті тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар ашық және азаматтық қоғаммен тығыз байланыста болуға тиіс.

Мемлекет басшысының тапсырмасы – 2020-2024 жылдар аралығында мемлекеттік аппарат санын 25 пайызға қысқарту, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының – ықшам мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Сәйкесінше, жыл сайын мемлекеттік функциялар мен қызметтер автоматтандырылуда, мемлекеттің бақылау мен реттеу функциялары азайып, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріліп отырады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңа институттар, мысалы, жеке құзыреттіліктерді бағалауды қолдана отырып, мемлекеттік қызметке үш сатылы іріктеу, жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін сынақ мерзімі, тәлімгерлік, тағылымдамадан өту және ротация мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейлерін арттырады.

Бұл сәйкесінше, мемлекеттік қызметтің тиімділігіне, жылдамдығына және нәтижелілігіне оң әсерін тигізді. Барлық осы үрдістер мемлекеттік аппараттың штат санын реттеуді оңтайлы жүргізуге мүмкіндік береді.

Айгүл Байханова,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы.