Жаңалықтар

Түркиядан – тосын сый

      «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында Түркия Республикасының Ұлттық күні өтті.

Түркияның Экономика министрі Нихат Зейбекчи экономика және энергетика салаларындағы алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Көрме ұйымдастырушылары адамзаттың дамуына себепкер болып, ынтымақтастықты арттыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұл – «ЭКСПО – 2017» көрмесі туралы Түркия Республикасының көзқарасы. «ЭКСПО» көрмесі әлем елдерінің сарапшыларын жинап, тың технологияларға бастады», – деді Нихат Зейбекчи.

Аталған іс-шараға «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Басшысы Ахметжан Есімов және ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қатысты. Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов екі ел арасындағы сауда айналымы айтарлықтай ұлғайғандығын атап өтті. Сонымен қатар, екі елдің экономикалық ынтымақтастығын сөз етті.

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін, Түркия халқының мәдениеті ұсынылды. Сахнада құммен сурет салудың шебері Вейсель Челикдемир Түркия мен Қазақстанның нышандарын бейнеледі. «Анатолия алаулары» би тобы Анатолия халқының мәдениетінен сыр шертетін «Хорон» биін ұсынды. Іс-шара Түркияның павильонына бағытталған «Мехтеран» әскери оркестр шеруімен аяқталды. Түркия елінің актерлерімен фотосурет және автограф-сессиясын ұйымдастыру «ЭКСПО – 2017» көрмесінің қонақтарына жасалған тосын сый болды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button