Жаңалықтар

Тұлға атындағы бәсеке

12-15 тамыз аралығында Қарағандының «Жастар» және «Аманат арена» спорт кешендерінде заң саласының ірі қайраткері – Балапан ӘБЕНОВТІ еске алуға арналған шағын футболдан 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтеді.

Осыған орай, облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы турнирге қатысқысы келетін командалардан өтініш қабылдауда.

Айта кетейік, Балапан Зипатоллаұлы 1960 жылы 13 тамызда Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Заң саласына елеулі үлес қосқан қазақтың бірегей заңгері облыстың прокуратура, Әділет басқармасы салаларында жемісті еңбек етіп, Қарағанды облысы соттарының әкімшісі және облыс әкімінің кеңесшісі сынды қызметтерді абыройлы атқарған.

Спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке, есірткі мен қылмысқа қарсы тәрбиелеу және бұқаралық спортты одан әрі дамыту.

Турнирдің ашылу салтанаты 13 тамыз күні сағат 12.00-де Қарағандының «Жастар» спорт кешенінде өтеді. Жарыс барысында жеңімпаздардан басқа, ұйымдастырушылар белгілеген номинация бойынша үздік ойыншылар марапатталады. Турнир төрешілері мен осы спорттық жарыстың өткізілуіне елеулі үлес қосқан адамдар да назардан тыс қалмайды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button