Ұстаз ұлағаты

Уақыт ұшқыр құс сияқты. Міне, өмірге қорытынды жасап, маңдайға жазылғанын мақтан етіңіз. Мақтан тұтқан адам – бақытты адам. Ол өз мақсатын іске асырды. Ал мақсаты асыл және сүйікті ісімен айналысатын адамдар екі есе бақытты дер едім. Ұлағатты ұстазым Қайролла Нұрабайұлы ӘбіловтІ 70 жылдық мерейлі жасымен ерекше толқу сезімімен құттықтаймын. Себебі осы ұлағатты педагог мен үшін әрқашан көңілімнің төрінде жағымды естеліктер толқынын тудырады.

Әр түрлі жарыстардан, мектеп жылдарынан сақталған фотосуреттерді жиі қарап көремін. Міне, мысалы, ақ-қара суреттер. Оларда футбол ойнау кезіндегі көңілді балалар, кросстан мектеп жарысы, жазғы лагердегі волейбол ойыны сәттері бейнеленген. Мектеп жанындағы қысқы хоккей кортындағы тартысты жарыстар, мектеп спортзалында өтетін «Көңілді старттар», баскетбол бойынша жарыстар, мектеп дәліздеріндегі стол теннисі әлі есімде. Онда ракеткалар жетіспеуіне байланысты қалың кітаптарды қолданатын едік. Олардың барлығы қазір ересек адамдар.

Балалар Қайролла Нұрабайұлының басшылығымен футбол, волейбол, баскетбол, күрес, жеңіл атлетика, гимнастика, үстел теннисімен айналысты. Иә, біз спортпен өмір сүрдік! Спорттық секцияларға күн сайын құлшына қатысатынбыз. Мектеп спорт залын түнге дейін босатпаушы едік. Есімде, балаларға оқу үлгерімін түзетпейінше, спорт залына кірмейтіндерін айтқанда, жақсы баға алуға ұмтылатын еді. Тек спорт залына баруға, секцияға қатысуға рұқсат етсе болды. Онда үзіліс кезінде темекі шегуге емес, спорт залына жүгіретін.

Біздің мұғалім әрдайым кәсібилік, педагогикалық бастамашыл, іске шығармашылық көзқарас сияқты қасиеттерімен ерекшеленді. Ал, сыныбымыз үшін, сол ұмытылмас мектеп жылдарында, тамаша адамның, талапшыл педагогтың арқасында ең сүйікті сабағымыз – дене шынықтыру пәні болды.

Қайролла Нұрабайұлы бізді жүгіруге, секіруге, түрлі ойындарды ойнауға үйретті. Оның басшылығымен әр түрлі спорт түрлерінен жарыстарға дайындалатынбыз, онда мектептің абыройын лайықты қорғадық.

Ұстазымыздың басшылығымен мектебіміздің оқушылары аудандық, облыстық және республикалық спорт жарыстарында көптеген кубоктар мен медальдарды жеңіп алды.

Ол, тек, спорт дағдыларына ғана емес, сонымен қатар, өз мақсатыңа жетуге, ешқашан шегінбеуге, кез келген жағдайда, тек, спортта ғана емес, өмірде аяғына дейін баруға үйретті.

Мұндай өмірлік өнегенің бағасын тек жылдар өткен соң ғана жақсы түсінесің.

Мектепті бітіргеннен кейін қызықтар мен қиындықтарға толы жаңа әлемге қадам бастық. Алдымызда кездескен сынақтардан абыроймен өтуімізде ұлағатты ұстазымыз Қайролла Нұрабайұлынан алған өнегеміз үлкен көмек көрсетті.

Жақсы мұғалімдер көп. Бірақ, олардың арасында мықты буын қалыптастыра алатын адамдар аз. Сіз осы спорт саласына әріптестеріңіздің, ауыл тұрғындарының, өз оқушыларыңыздың қызығушылығын оята алдыңыз. Бірқатар шәкірттеріңіз бүгінде Сіздің жолыңызды абыроймен жалғастырып жүр.

Өзіңізді бақытты адам сезінуді жалғастыра беріңіз!

Ұлағатты ұстазым, Қайролла Нұрабайұлы, Сізге үлкен рахмет!

Сіздің шәкіртіңіз Ермағанбет Бөлекпаев.