Әскери ант қабылдады

00

Астана өңірлігіне қарасты 31775 әскери бөлімінің сарбаздары салтанатты түрде әскери ант қабылдады.

Біздің халық ежелден Отан үшін төккен тердің бағасын бағамдай білген. Оның ішінде, қастерлі Отан-Ананы қорғау – ең асқақ парыз, абыройлы міндет екенін жас сарбаздар да жақсы біледі.

Ант қабылдау – Отаныңа, халқыңа адал болу, ел басына күн туса, оны ақтық демің қалғанша қорғау, қажет болса, жан қию деген сөз. Осылайша, ант қабылдаған сарбаз – біздің ұлан-ғайыр жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған жаужүрек ата-бабаларымыздың ерлік жолын жалғастырушыға, елдің қорғанына, сенім арқалаған азаматқа айналмақшы.

Салтанатты рәсімде 31775 әскери бөлімінің 30 жас сарбазы ант қабылдады. Отан үшін отқа түсер азаматтарымыздың өміріндегі бұл жауапты қадамына облыс басшылығы, Астана өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Сұлтан Кәмалетдинов, өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері, сондай-ақ, ант қабылдаушылардың ата-ана, туған-туыстары қатысты.
Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.