Жаңалықтар

Шорт-трекшілеріміз ширек финалға шықты

      Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия ГАЛЫШЕВА елге оралды. Байрақты бәсекеде ел үмітін ақтаған фристайлшыға халықымыздың ықыласы ерен.

Юлия елге келгенімен, Олимпиада аяқталған жоқ. Дүбірлі дода жалғасып жатыр. Сүйіншілер қуанышымыз бар. Шорт-тректен 3 отандасымыз: Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша (500м) ширек финалға жолдама алды. Ширек финалдық және финалдық бәсекелер бүгін өтеді.

Ал, әйелдер арасында шорт-тректен 1000 метрге жүгіру жарысында бақ сынаған Анастасия Крестова ширек финалға шыға алмады. Сондай-ақ, Ким Ионг 1000 метрлік қашықтыққа жүгіру жарысын аяқтады.

Биатлон спорты бойынша командалық аралас эстафетада Қазақстан құрамасы 20 қатысушының арасынан 18-ші келді.

Сонымен қатар, Айза Мамбекова қысқа бағдарламада өнер көрсетті. 9-нөмірмен сайысқа түскен Айза 44.40 ұпай жинап, 9-орыннан көрінді. Әзірге бұл бағдарламада америкалық спортшы Брэйди Теннелл 64.01 ұпаймен көш бастап тұр.

Кеше сәтті өнер көрсеткен Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламаға жолдама алды. Оның ұпай көрсеткіші – 57.95.

Спортшыларға сәттілік тілейміз!

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button