Бас тақырыпКоронавирус

Шахтинск қаласының тұрғыны коронавирустан қайтыс болды

Бүгін Қарағанды облысында коронавирустан екінші науқас қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“Шахтинск қаласының тұрғыны, 1958 жылы дүниеге келген ер адам 5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық госпитальге жатқызылған болатын. Ал, 14 сәуірде денсаулығы күрт нашарлағандықтан, науқасты  Нұр-Сұлтан қаласына жеткізу туралы шешім қабылданды. Оған 19 күн медициналық көмек көрсетілді. Әйтсе де, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Бүгін, 3 мамырда науқас қайтыс болды”, – делінген хабарламада.

Басқа материалдар

Back to top button