Сандық жүйенің сансыз мүмкіндігі

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – орта мерзімді болашақта ел экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Соған орай, бағдарламаның нысаналы индикаторлары бойынша 2022 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі әлемдік индексте 30-шы орынға орналасуы күтілуде. Заман талабынан туындаған өзекті мәселе руханият саласын да айналып өтпеуі тиіс. Осыған орай, бағдарлама аясында Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында оң өзгерістер бастау алуда. Аймақтағы басты кітапхана бүгінде өз оқырмандарына заманауи қызметтердің озық үлгісін ұсынып отыр. Әріден бастайық

Жылдар жылнамасы

Қарағанды қаласымен құрдас қара­ шаңыраққа биыл 85 жыл толды. 12 құры­лымдық бөлімнен тұратын кітап үйі қорында 450 мыңға жуық кітап бар. 22 мыңнан астам оқырманға 70-ке жуық кітапханашы қызмет көрсетуде. Тәжірибелі мамандармен қатар, жас кітапханашылар да аз емес. Сондай-ақ, облыстағы қалалық, аудандық, ауылдық 315 кітапхананың басты әдістемелік орталығы да – осы. Аймақтағы кітапханалардың дамуы­ на, кітапханашылардың біліктілігіне, жаңа заманғы технологиялармен қамтамасыз етілуі­ не де баса назар аударылады. Кітапханашы­лар облыстық, республикалық, халықаралық шараларға қатысып, биіктен көрініп жүр. Соның бір айғағы, өткен жылы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Рухани қазына» республикалық байқауында осы кітапхананың техникалық қызмет көрсету және бағдарламамен қамтамасыз ету секторының басшысы Қайрат Рахим «Облыстық маңыздағы үздік кітапхана қызметкері» атанды.

Электронды қызмет – уақыт талабы Бүгінде оқырман талабы да өзгеріп үлгерді. Үйден шықпай-ақ, ғаламтор ар­қылы іздегенін тапқысы келеді. Осы орай­да, кітапхана жұмысы да түрлене түскенін алға тартар едік. Бүгінде облыстық кітап­хананың karlib.kz атты ресми сайтында көптеген электронды қызметтерге қол жет­ кізуге болады. Онда «Электрондық каталог», «Кітап мерзімін оnline ұзарту», «Виртуалды анықтама», «Құжаттарды электронды жеткі­зу» қызметтері тағы бар. Мысалы, оқырман электронды каталог арқылы іздеген кіта­бын кітапхана қорында бар, не жоқ екенін анықтай алады. Тіпті, кей шығарманың элек­тронды нұсқасына қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Ал, сайтта жоқ дүние туралы білгіңіз келсе, «Онлайн-қабылдау» арқылы сұрақ жолдап, жауап алуға болады.

Қазақстан мен Ресейдің ірі кітапханала­ры мен деректер базасындағы мақалалар мен кітаптардың электрондық көшірмесіне тапсы­рыс бергіңіз келсе, «Құжаттарды электронды жеткізу» қызметі жұмыс жасайды. Сайтта кітапхананың жалпы қызметі, тарихы мен дамуы, электрондық ресурстары мен жаңа ба­сылымдар туралы мағлұмат үш тілде беріледі.

Кітапхана – ашық алаң

Жалпы, бас кітапхана тың идеялары­ мен оқырманды әр уақытта қуантып, қы­зықтырады. Жастарға арналған әлеуметтік «Гоголевкадағы «Кітапхана түні» акци­ясы бір түнде мыңға жуық оқырманның басын қосса, кітапхана қабырғасында жұмыс жасайтын «Жыр-Жауһар» поэ­зия клубы, ғарыш әлемін ұнататындар үшін «NASA» клубы, робототехникамен айналысатындарға арналған «Maker Space», «Таңғажайып және шығармашылық» ше­берлер клубымен қатар, қазақ, ағылшын тілдерін үйренуге арналған клубтар оқыр­манды күнделікті қабылдайды. Әрине, атал­мыш клубтар қызметінің тегін болуы да бұл іске оң әсерін тигізеді.

Сандық жүйеге көшу – салмақты шаруа

2004 жылдан бері кітапханада айма­ ғымыз туралы өлкетанулық материалдар­ ды жинақтап, барлық пайдаланушыға қолжетімді болып отырған «Сарыарқа» электронды кітапханасы құрылуда. «Сары­арқа» электронды кітапханасы бірегей мәліметтерді цифрландыру және оларға ин­ тернет жүйесі арқылы қол жеткізуге, сирек кездесетін өлкетанулық қорларды сақтауға, мәтін бойынша іздестіруге, қызығушылығы басым қолданушылардың бірегей басылым­ дарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Электронды кітапхана құру және құ­жаттарды сақтау мақсатында кітапхана қо­рын цифрлы форматқа көшіру – заманауи кітапхананың даму бағытындағы негізгі басымдығы. Осы ретте Қарағанды облы­сы кітапханаларының жеткен жетістік­тері баршылық. Құжаттарды цифрланды­ру мәселесі бойынша Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы әдістемелік орталық болып табылады. 2004 жылдан бастап ол «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасына енген құжаттарды цифр­ландыру және сақтау бойынша лаборато­рия құру жобасын жүзеге асыру аясын­ да құжаттарды замануи үлгіге көшіру жұмысына кіріскен болатын.

Бүгінгі күні кітапхана алдына Қазақстан Республикасының мәдени саясаты Тұжы­рымдамасында «2020 жылға дейін еліміздің кітапханалық қорын 100 % цифрландыруды қамтамасыз ету қажет» деп көрсетілгендей мерейлі міндет тұр. Осы орайда, кітапха­наның мерейтойы аясында цифрландыру мәселесіне облыс басшылығы тарапынан қолдау көрсетіліп, кәсіби планетарлық ска­ нерлерге қаржы бөлінгені қуантады. Кіта­ пханашылар армандаған роботтандырылған арнайы сканерлер осы күзде кітапханаға келіп жетеді деп күтілуде.

Дегенмен, 2012 жылдан бері компью­тер паркі жаңартылмағанына, қажетті кәсіби сканердің жоқтығына қарамастан, кітапханашылар сандық жүйеге көшіруде үлкен еңбек етуде. 2004 жылдан бері 18 мыңнан астам құжат цифрланды, олар тек өлкетанулық мазмұндағы құжаттар, әсіресе мерзімді басылымдардан алынған мақалалар. Цифрланған кітаптар саны – 200ден астам дана. Аз деуіңіз мүмкін, әрине. Бірақ, оқырманның аймағымызға байланы­сты іздеген құжаттың толық мәтінін сайттан тауып, қажет жерін немесе толық мәтінін көшіріп алуға ыңғайлы болуы үшін кітапха­ нашылар жұмыстың сапасына мән береді. Бұл – көп уақытты қажет етсе де, оқырман сұранысын толық қанағаттандырады. Со­нымен қатар, әрине, жұмыстың бұл түрі Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» Заңына қайшы болмауын қажет ететінін де кітапха­ нашылар естен шығармайды.

  • Кітапхананың 85 жылдығына орай, үлкен екі сканерге қол жеткізгелі отырмыз, ол үшін бюджеттен арнайы қаржы бөлінді. Облыс бойынша мерзімді басылымдардың депозитариі болып табылатын біздің ме­ кеме үшін бұл – өте үлкен қуаныш. Ска­ нер қолға тиген соң кітаптармен бірге, кез келген форматтағы газет-журналдарды да, барлық архивтік материалдарды да сандық жүйеге еркін көшіре аламыз. Аймақтың ата­ улы мерейтой иелеріне, даталарға арналған электронды энциклопедияларды уақытылы жасауға да үлкен мүмкіндік туады.

      Болашақтағы арманымыз – замана уи ақпараттық базамен қамтылған жаңа ғимаратқа көшу. Себебі, күн өткен сай­ын қор толығып келеді, ғимарат тарлық қылуда. 1969 жылы уақытша көшірілген ғимаратта 50 жылдан бері отырмыз. Бүгінгі оқырманның талабына сай кең, замана­уи жабдықталған, жан-жақтылығымызды көрсетуге мүмкіндік бере алатын ғимаратқа зәру екеніміз рас. Қаланың белсенді жастарының талай рет көтерген өзекті мәселесі – кітапханаға Қасым Аманжоловтың есімін беру, бұл мәселе оң шешімін табады деген үмітіміз бар, – дейді кітапхана басшысы Дина Аманжолова.

Руханият ошағының өз оқырманына жан-жақтылықты көрсетудегі тағы үлгісі – тегін компьютерлік сауаттылыққа үйренуге жағдай жасалғаны. Шетелде жүрген туы­старымен ғаламтор арқылы байланысқа шығуды әдетке айналдырғандардың кейбірі заманауи байланыс түрін (скайп, электронды пошта) меңгермеген. Ал, кітапханашы­ лар осындай азаматтарға қолұшын беріп, қоғамда жан-жақты сауатты азаматтар қалыптастыруға ықпал етуде.

Білім орталығы – оңтайлы орын

Кітапхананы тек “кітап алатын орын” деп ойлау – ескірген пікір. Жуырда мұнда «Білім орталығы» ашылды. Заманауи үл­ гіде жабдықталған орталық ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Мұнда түрлі сипаттағы кездесулер, тренингтер, пікір­таластар мен тұсаукесерлер ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Кітап беру қызметі

Кітапты беру мен қабылдап алу жазба­ша және электронды түрде жүзеге асырыла­ды. Қажетті уақытта тапсыруға үлгермеген жағдайда кітапхана сайты арқылы «Кітап мерзімін онлайн ұзарту» қызметіне жү­ гінуге болады.

– Мен 10 жылдан астам уақыттан бері осы кітапхананың оқырманымын. Клас­сиканы оқып бітірдік, енді заманауи әде­биеттерді парақтауға көштік. Бірінші қа­батта арнайы компьютерлер арқылы іздеген кітабыңның қай бөлімде екенін жазып ұсынсаң, кітапханашылар жылдам тауып береді. Жалпы кітапхана қызметіне көңілім толады, жұмыстары жеңіл емес. Тек, кітап қоры молая түссе, тіпті, жақсы болар еді, – дейді кітапхана оқырманы Валентина Куз­ нецова.

Кітапхана жаңа сұраныстарға тез бейім­ деледі. Осыдан бес жыл бұрын кітапхана блогтары жұмысын ерекше жандандырған орталық кітапхана бүгінде әлеуметтік желілерде де өте белсенді. Сайттан бөлек, instagram, facebook, ВКонтакте же­лілеріндегі парақшалары арқылы өз оқыр­ манына өткізілген шаралар, түскен жаңа әдебиеттер және басқа да жағдаяттар тура­лы жедел мағлұматтар ұсынып отырады.

Жәлел ШАЛҚАР.