Бас тақырыпЖаңалықтар

Сағадиев ата-аналарды толғандырған сұрақтарға жауап берді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халықпен есеп беру кездесуінің нәтижесі бойынша брифинг өтті. Онда  әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, ата-аналар мен педагогтарды толғандырған сурақтардың бір парасына жауап берілді, – деп хабарлайды Ortalyq.kz 

1. ҰТБ биыл қалай өтеді? Өзгеріс бар ма? «Алтын белгі» иегерлерінің мәртебесі қандай? Халықаралық байқау, республикалық олимпиада мен ғылыми жоба жеңімпаздары жоғары оқу орнына түсерде қандай да бір басымдыққа ие болады ма?

Министрліктің өткен жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесінде 2018 жылғы түлектер грант иеленер кезде теңдей құқыққа ие болады. Мәжіліс пен Сенат «Білім туралы» заңға өзгерістер енгізді. Енді Алтын белгі иегерлеріне балл тең болған жағдайда ғана басымдық беріледі.

ҰБТ тапсыру форматы бұрынғыдай. Биыл тестті ағылшын тілінде де тапсыруға болады, бірақ сұрақтар өзгерген жоқ. Тестті ағылшын тілінде тапсыратын түлектерге грант бөлу кезінде артықшылық болмайды. ҰБТ биыл 250 бала ағылшын тілінде тапсырады.

2. Қосымша 20 000 грант қалай бөлінеді. Оған қол жеткізу үшін қандай мамандықты таңдаған жөн?

Елбасының тапсырмасымен қосымша бөлінген 20 000 гранттың 11 000-ы техникалық мамандықтарға, магистратураға — 3000, докторантураға — 1000 беріледі. Осылайша, инженер мамандықтарына грант көп бөлінеді.

3. Мектеп бітірушілер кешіне неге сонша көп ақша жиналады? Министрлік тарапынан осы мәселені реттеп, кеш өткізудің бөлек бір форматын ұсынуға бола ма?

Мектеп бітіру кеші — жыл сайын өтетін ресми шара. Оның қалай өтетінін мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитеті шешеді. Ата-аналар комитеті ақша жинамауды, кеш өткізбеуді ұйғарса – балалар аттестат тапсыру салтанатынан кейін үйлеріне қайта алады. Министрлік бұл кештің өтуіне арнайы тұжырымдама жасап, сценарий жазбаған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button