Құрылысшылар даңғылы қыркүйек айында ашылады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Құрылысшылар даңғылының бойындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жоспар бойынша, жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталуы керек.   

— Бүгінде жөндеу жұмыстарының 70% орындалды. Келесі аптада Приканальная көшесінде қозғалысты ашатын боламыз. Ал Құрылысшылар даңғылындағы жолды қыркүйекте толық  ашамыз, — деп мәлімдеді «Агродор» ЖШС директоры Наталья Мальчушкина.

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Сәбит Оспановтың айтуынша, облыс орталығында жолдардың 60%-ы қанағаттанарлық және жақсы жағдайда. Жолдардың сапасы жыл артқан сайын жақсарып келеді екен.