Құрметке лайық құштарлық

          Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Н.Әбдіров атындағы спорт сарайында Оңтүстік Кореяда өткен XXIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан Қарағанды облысының спортшылары және жаттықтырушыларымен баспасөз мәслихаты өтті. Дүбірлі додада сынға түскен конькишілер – Екатерина АЙДОВА, Станислав ПАЛКИН, Артем КРИКУНОВ және жаттықтырушылар құрамы журналистер қауымының сұрақтарына жауап берді.

 

Еске сала кетейік, Пхенчхан қаласындағы жаһандық додада ел намысын қорғауға облысымыздан үш конькиші барған болатын. Жалпы, Олимпидада коньки тебуден бес ер, бір әйел спортшымыз сынға түсті. Спорттың бұл түрінен жарыс жолына шыққан жалғыз қыз, жерлесіміз Екатерина Айдова 500 метрге жүгіруден бар күшін салып, 38.96 уақытта аяқтады. Бұл көрсеткіш бар болғаны 21-ші орынға тұрақтауына мүмкіндік берді. Ал,1000 метрге жүгіруден – 24, 1500 метрге жүгіруден 18 орынға тұрақтады. Сондай-ақ, Станислав Палкин мен Артем Крикунов 500 метрлік қашықтықта 24 орынға табан тіреген еді.
Баспасөз мәслихатын жүргізген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова Қазақстан құрамасы қолаға ғана қол жеткізгенімен, спорт бойынша әлемдік аренада мықтылығын танытқандығын тілге тиек етті.
– Менің ойымша, біздің еліміз әлемдік спорт аренасында кеңінен танымал. Басқалар бізбен санасатын болды. Бұл – біздің спортшылар мен жаттықтырушылардың зор еңбегі. Нидерланды немесе Голландия туралы айтатын болсақ, машықтанған. Біз – жас, озық мемлекетпіз. Алдағы уақыттарда, әсіресе, қысқы спорт түрлеріне алғашқы сәтті қадамдар жасалады,– деді Н.Сухорукова.
Ақ Олимпиаданың аясында ел құрамасы тек 28 орыннан көрінгеніне жанкүйерлер тарапынан аздаған наздың болғанымен, біздің спортшылардың жарысқа қатысуының өзі жеңіс екендігін атады.
– Мен үшін бұл– үшінші олимпиада болды. Әрине, жастықпен көп нәрсенің бірін білсем де, бірін білмейтінімді жасырмаймын. Маусым бойы жарыс болады. Нәтижелерімді және барлық күш-жігерімді жұмсадым. Олимпиада – бұл мереке. Мұнда бой көрсету үшін спортшыға үлкен еңбек керек. Енді мен Қарағандыдан жалғыз бармаймын. Қатарым Станислав Палкин мен Артем Крикунов сынды мықты жас спортшылармен толығып жатыр. Алдағы уақыт көрсетеді. Мен мұнымен спорттық жолымды тоқтатпаймын. Дайындығымды әлі шыңдап, денсаулығым мүмкіндік берсе, Қытайда өтетін қысқы Олимпиада Қазақстанның байрағын желбіретуге аянбай тер төгемін,– деді Екатерина Айдова.
Баспасөз мәслихаты барысында Станислав Палкин мен Артем Крикунов бұл алғашқы Олимпиадалары болғандықтан көңілдерінің түспегендігін, жеңісті күндер алда екендігін айтты.
– Келесіде өте жақсы көрсеткішке қол жеткізетініме сенімдімін. Қолдау мықты болды. Бүкіл еліміздің қолдағаны сезіліп тұрды. Маған жазып, құттықтап, қолдау білдіргендер көп. Жанкүйерлеріміздің осындай белсенді екені қуантады. Баршаңызға алғыс білдіремін – дейді Артем Крикунов.
Сонымен қатар, бапкерлер құрамы сауалдарға толымды жауап қайырып, Олимпиада ойындарында жоғары спорттық көрсеткішке қол жеткізген спортшылардың еңбегін ерекше атап өтті.

Нұрдос КӘРІМ.
Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.