Жаңалықтар

«Өрлеудің» мерейлі биігі

Қарағанды біліктілікті арттыру институты 70 жылдық тарихты сақтай отырып, аймақ педагогтарының бәсекеге қабілеттілігін арттырды. Бүгінгі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде облыстағы білім саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін шыңдап келеді. 70 жылдық мерейтойға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ мерейтойына еңбек жолы институтпен байланысты білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты.

Жалпы, «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы мұрағат қорларын жалпылау, республикалық ғылыми-практикалық конференция, педагогикалық оқуларды өткізумен ерекшеленеді. Сондай-ақ, әдістемелік, кәсіби шеберлік байқауларын ұйымдастыру, ғылыми және әдістемелік, мерзімдік басылымдарды жарыққа шығарумен айналысады. Оған қоса, білім институтының аймақтың білім беру сапасын қамтамасыз етудегі инновациялық идеялар мен шешімдері, педагогтарды кәсіби дамытуда облыстың білім басқармасымен бірлескен жұмыстары республикада елеулі орын алады. Осы мақсатта 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Өрлеу» БАИ біліктілікті арттыру курстарынан облыстың 27964 педагогтары тәлім алды.

Кеңейтілген отырыста ұйымның өткені мен бүгіні аталды. Мақалалар мен очерктер жинағын көрсететін, «Қарағанды облыстық педагогтардың біліктілігін арттыру институтының: ізденіске, жаңалыққа, жетістікке – 70 жыл» альманахының тұсаукесері өтті. Ұжымның мерейтойға арнайы дайындаған, екі тілде жарыққа шыққан ерекше альманахы – облыстың білім беру жүйесін қамтитын Р. Хасенов атындағы Қарағанды облысының білім беру жүйесі мұражайына, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ кітапхана- “Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс”. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. сына, облыстың мемлекеттік архивіне, «Өрлеу» БАҰО» АҚ мұражайына, Н. Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханаға тарту етілді. Институт ұжымы білім саласында бірнеше жыл қызмет атқарған ардагерлерге де альманах сыйлады.

Институт директоры Сәулеш Мұқанова кеңейтілген ғылыми кеңестегі құттықтау сөзінде Қарағанды БАИ Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының 70 жылдық тарихты сақтай отырып, аймақ педагогтарының бәсекеге қабілеттілігін арттырғанын тілге тиек етті.

1994-2012 жылдардағы БАИ ректоры С.Қонтаев, білім басқармасы жанындағы Қоғамдық кеңестің төрайымы, педагогикалық еңбектің ардагері М. Жошина, Бұқар жырау ауданы Ростовка тірек мектебінің директоры Н. Умирбаев «Өрлеудің» тарихына қысқаша тоқталды.

Облыстық мәслихат депутаты, Шашубай тірек мектебінің директоры А. Түкбай, білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Г.Қожахметова инстититут ұжымын құттықтады. Мерейтойға құттықтауларын бейнекөрсетілім арқылы жолдаған Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің басшысы Т.Аштаев пен Теміртау қаласы білім бөлімінің басшысы Е.Әшімов, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары Қостанай облысы бойынша М.Слесарь және Қызылорда облысы бойынша Б.Елеусінов тілектерін арнады.

Кеңейтілген ғылыми кеңес отырысында еліміздегі орта білім беруді дамытудың басым бағыттары бойынша материалдарды қамтитын, институттың профессорлық-оқытушылық құрамының «Өрлеу»: зерттеу тәжірибелері» ғылыми-әдістемелік мақалалар жинағын таныстырды. Жинақта мұғалімдердің кәсіби және жеке дамуының көкейкесті мәселелері, оқу үрдісін ұйымдастыру және мектеп пәндерін оқыту мәселелері бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 22 мақала бар. Жұмыстың субъектілері еліміздегі білім беруді дамытудың басым бағыттары бойынша анықталған екен.

 Жинақтағы басылымдар филиалдың ПОҚтың «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» 5-олимпиадасын өткізудің негізі болды. Шарада биылғы олимпиаданың жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

 Сөйтіп, институт ұжымы ұмытылмас жылдардың жарқын сәттерін еске түсірді. Мерейтой республикалық ғылыми-практикалық конференцияға жалғасты.

Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button