Бас тақырып

Әріптесіміз – сала үздігі

Кешегі күн қуанышымызды еселей түскен жайы бар. Есімі елге танымал, қаламының желі бар әріптесіміз, ағамыз, «Ortalyq Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары Aхат Құрмансейіт «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ведомстволық марапаты екінің біріне берілмесе керек. Бұл – талай жылғы тынымсыз еңбектің жемісі. Ұйқысыз түндердің, ақ қағазға телмірген бейнеттің зейнеті.

Ахаң жиырма жыл мемлекеттік қызметте болса да, қаламнан қол үзбеді. Қатардағы қызметкер емес, басшылық лауазымдарда жүріп, қабырғалы қара өлеңді жанына жақын тұтты. Перизат поэзияның ауылына ту тікті. «Орталық» бұл өлеңдердің бір парасын дүркін-дүркін оқырманға таныстырған да еді.

Ақындығынан бөлек, Ахаңның журналист ретіндегі түйсігі ерек. Сағаттап созылатын ресми жиындарды бір демде оқылардай қағазға түсірудің һас шебері. Әлеуметтікэкономикалық тұрғыдағы мақалалары талай мәрте оқырманның ықыласын иеленді.

Министрліктің марапаты, тек, Ахаңның мәртебесі емес. Бұл – «Орталықтың» олжасы, ормандай оқырманның олжасы деп білеміз.

Нұрқанат ҚАНАПИЯ.

Басқа материалдар

Back to top button