Жаңалықтар

Әр адам үлес қосуы тиіс

Короновирустың алдын алуға әр азамат түсінікпен қарап, әр адам өз үлесін қосуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз Жарлығымен төтенше жағдай жариялауы — баршаға артылған жауапкершілік, жүктелген міндет. Осыған орай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған үндеуінде: «Еліміздің көмекке мұқтаж әрбір азаматына қамқорлық көрсетілуі тиіс. Қазақстандықтар қиын кезеңдерде әрдайым бір-біріне жәрдемдескен. Бұл іске еріктілер қозғалысының өкілдері де атсалысады деп сенемін», – деп атап айтты.


Жезқазған қаласының еріктілері, жастары үлкен кісілерге, көпбалалы отбасыларға, көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандарға, тұрмысы төмен тұрғындарға бірнеше күн қатарынан әлеуметтік пакеттер таратты (азық-түліктен бөлек, коронивируска қарсы бетперде, антисептик, жуғыш құрал да қамтылды). Қолдан тігіп тұрғындарға, жолаушыларға, көше тазалаушыларға, теміржол қызметкерлеріне, автобус жүргізушілеріне тегін қорғаныш бетперде үлестірді. Еріктілердің қатысуымен 1000-ға жуық бетперде таратылды. Оларды материал сатып алып тігу әлі де жалғасуда.
Үндеуге бәріміз үн қосайық, қадірлі ағайын! Жұртшылық қайырымдылық шарасына, жасалып жатқан игі іске түсіністік танытып қана қоймай, барлық нұсқауды орындаса, еңбектің текке кетпегені.

Ботакөз МҰХИДЕН,
жастар ресурстық орталығының директоры.

Басқа материалдар

Back to top button