Президент отандық кәсіпкерлерді қолдауға қаржы бөлінетінін айтты

Отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға 300 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлінеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арналған телевизиялық үндеуінде айтты.

«Біз бюджеттік шығындарды максималды тиімді болатын бағыттарға қайта бұрамыз. Отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға кем дегенде 300 млрд теңге бөлінеді», — деді Мемлекет басшысы.