Жаңалықтар

Перзетханада қайтыс болған келіншектің жұбайы жазаға тартылады

Қарағанды облысында перзентханада көз жұмған 34 жастағы келіншектің жұбайы әкімшілік жазаға тартылады. Ол жары мен нәрестесінің өлгенін естісімен, дәрігерлерге жұдырық ала жүгірген. Ашынған әке енді айыппұл төлеуі немесе 15 тәулікке қамалуы ықтимал. Ал Марқұмның туыстары өлімге дәрігерлердің салғырттығы себеп болғанына сенімді. Өйткені бірнеше күн өзін жайсыз сезінген Қадиша Дәрменбаеваға медициналық бақылау дұрыс жасалмаған дейді олар. Бұл туралы ktk.kz арнасы хабарлады. 

34 жастағы Қадиша Дәрменбаева сол күні өзін жайсыз сезініп, мына ауруханаға өзі аяғымен келіпті. Бірақ оны қарап шыққан гинеколог жағдайың бірқалыпты деп, үйіне қайтарып жіберген. Алайда кешкі сағат жетілер шамасында Қадишаны мұнда жедел жәрдем жеткізіпті. Дегенмен ол мына кірген есіктен сол күйі қайтып шыққан жоқ. Дәрігерлер бала жатырда-ақ шетінеп кеткен дейді. Кесір тілігін жасап, шақалақты алып шыққан. Ал Қадиша есін жимаған күйі 6 сағаттан соң жан тапсырыпты. Дәрігерлердің айтуынша құрсақтағы су марқұмның қан тамырлары арқылы денесіне лезде тарап кеткен. Оған араша түсетін тәсілдің жоқтығын айтады. Сондықтан қанша алысқанымызбен ештеңе жасай алмадық деп отыр. Керісінше, марқұмның жарынан көрген қорлықты айтып қынжылады. 

Сапар Қажыкәрімов, Бұқар жырау аудандық ауруханасының бас дәрігері:

-Кабинеттің есігін қиратып кіріп, анестезиологтың 2 тісін сындырды. Менімен қоса гинекологқа да қол жұмсады. Бәрін түсінем. Аффект жағдайында болған шығар, бірақ мұндайға дейін бару масқара. Анестезилог полицияға арыз жазды. Мен әзірге арызданбадым.

Марқұмның артында 6 және 8 жастағы екі қызы қалды. Ақтық сапарға шығарған туыстары Қадишаның жүктілігі жеңіл өткен дейді. Тек айы күні таяғанда мазасы қашыпты.

Ханиса Тіленшина, марқұмның туысы:

-Алғашында ол ішінің тас боп қатып қалғанын айтып, үйде қиналып жүрді. Жаны қиналғасын дәрігерге барып көрінді. Бірақ сол күні гинеколог оны дұрыстап қарамай, үйіне қайтарып жіберіп отыр ғой. Тіпті болмаған соң жедел жәрдем шақырттық.

Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот медициналық және потологоанотомиялық сараптамалар тағайындалған. Дәрігерлердің жазаға тартылу-тартылмасы тек осылардың қорытындысына байланысты. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button