Жаңалықтар

ПЕРЗЕНТХАНАДА — ЖЕТІЛДІРІЛГЕН АППАРАТ

Бұрын жүкті аналар күдікті ахуал туындаса диагностикалық тексерістен өту үшін Жезқазғаннан Қарағанды қаласына сабылатын. «ДАЛ Диагностик» ЖШС-нің қолға алуымен жабдықталған кабинеттің арқасында енді мұндай тексерістен өту жергілікті перзентхананың өзінде жүргізілетін болды.

«ДАЛ Диагностиктің» бас кеңсесі Алматыда орналасқан. Медициналық қызмет көрсетуді жаңа сатыға көтеруді көздеген фирма облыстық денсаулық сақтау департаментімен келісе отырып, биыл Теміртау, Балқаш және Жезқазған қалаларында аналардың бойына біткен шақалақтың патологиясын жан-жақты тексеретін ультра дыбысты зерттеу аппараттарымен жарақтандырылған кабинеттер ашты. Жезқазған қалалық перзентханасында жабдықталған осындай кабинет акушер-гинекологтардың жұмысын жақсарта түсуге жол ашып отыр. Қазіргі заманның ең соңғы үлгідегі аппаратурасы болып саналатын «4 d УЗИ» әйелдердің жүктілігі кезінде ультра дыбыстық зерттеудің барлық түрін жасауға және сол арқылы жылдам әрі өте дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді. Арнайы курста оқып келген маман дәрігер Ольга Кацинскаяның айтуынша, жүкті әйелдерді ерте бастан және асқан дәлдікпен тексерістен өткізу әрқилы келеңсіз жағдайдың алдын алуға қолайлылық туғызуда. Сонымен қатар, жетілдірілген аппарат арқылы ақылы негізде жүрек-қантамырларын, бүйрек, қуық сырқаттарын анықтап, тексеру шаралары да кеңінен жүргізілуде.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button