Қола жүлдегерлерді құттықтады

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек әлем чемпионатының қола жүлдегері Алима Жұмағалиеваны facebook-тағы парақшасында құттықтады. Қарағандылық спортшы Алматыда кадеттер арасында дзюдо күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальға ие болған-ды.

«Қарағандылық дзюдошы Алима Жұмағалиеваны Әлем чемпионатында еншілеген қола медалімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы жылдың шілде айында ғана ол Азия чемпионы атанған еді. Міне, енді жаңа жеңіс! Жаттықтырушылар – Николай Иванов пен Андрей Гуденюкке алғыс айтамын. Барлық спортшыларымызға сәттілік пен жаңа жеңістер тілеймін!» делінген құттықтауда.

Алиманың қола медалі – Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта қол жеткізген алғашқы жүлде. Жерлесіміз 40 келі салмақ дәрежесінде күресті. Қола медаль үшін өткен белдесуде бразилиялық Ребекка Венцслауды иппон әдісімен ұтты.

Өз тілшімізден.