Руханият

Оқушылар арасында «Кім білгіш?» республикалық on-line турнирі басталды

21 мамырда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған «Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9,10,11 сынып оқушылары арасында республикалық on-line турнир басталды.

«Кім Білгіш?» турнирі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді. Жобаның мақсаты: дарынды балаларды анықтау, оқушылардың интелектуалдық және танымдық қабілеттерін ынталандыру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, әлемді танып-білуге қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихы, мәдениеті туралы білімдерін жетілдіру мен тереңдету, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

«Кім Білгіш?» эрудиттер сайысы дәстүрлі турнирге айналды. Осы жылы Турнир үшінші рет өткізілуде. Алдыңғы екі ойын нәтижесі бойынша республиканың әртүрлі аймақтарынан келген 22 жоғарғы сынып оқушылары арнайы дипломдар мен ноутбук, планшет және смартфондар сияқты бағалы сыйлықтарға ие болған.

Биылғы турнирдің ерекшелігі ойынның ағылшын тіліндегі нұсқасының қосылуы, ол қатысушыларға ағылшын тіліндегі білім деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді. Былтырғыдай турнир оқушыларға тиімді уақытта – жазғы демалыстарда өткізіледі.

«Кім Білгіш?» ойыны спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 30 000-нан астам сұрақтардан тұратын мобильді қосымша. Онлайн турнир «Кім білгіш?» интеллектуалды ойыны бойынша қатысушылар арасындағы сайыс түрінде өтеді. Ойыншы алты раунд бойы түрлі категориялардағы сұрақтарға жауап беруі қажет. Ойын жеңімпазы дұрыс жауаптар саны бойынша анықталады. Турнир қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өткізіледі.

Онлайн турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі – 2018 ж. 21 мамырынан 30 маусымына дейін. Онлайн турнирге www.qazaq-found.kz сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

І және ІІ тур 2018 ж. 1 шілдеден 31 тамызға дейін онлайн режимінде өтіп, қорытынды тур Астанада болады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2018 ж. қазанда Астана қаласының «Назарбаев орталығында» өтеді. Финалда ең үздік нәтиже көресеткен қатысушылар бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталады.

Турнирдің Ережесімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz және Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz сонымен қатар kto-umnee.qazaq-found.kz. сайттарынан және ресми әлеуметтік желілерінен танысуға болады.

Анықтама телефондары: 8(7172) 27-26-09, 27-26-07

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button